jasqazaq.kz

Айқын мен Жұлдыз ұлды болғандарын «мойындады» (видео)

09 қараша 2017, 11:40

Айқын мен Жұлдыз Өмірғали осы уақытқа дейін отбасын құрып, ұлды болғандарын жасырып келген. Бірақ жуырда қос әнші де желідегі парақшаларында сәбилі екендерін мойындап қойды. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

Жұлдыз парақшасына сәбиіне арналған бесігінің суретін жүктеп қойса, Айқын ерлер дүкенінде ер баланың киімдерін алғанын жазып, тіпті видеосын да жүктеп қойған.

Видеоны көрген желі қолданушылары Айқынға әке болғанын амалсыз мойындағанын айтып, әзіл — шыны аралас түрлі пікірлер қалдырып жатты.

«Жұлдыз екеуіңнің ұлдарыңа алып жатсың ба?», «Ақыры мойындадыңыз ба? Қай әйеліңізбен жүрсіз?», «Жұлдыз неге өзі таңдамайды?», «Қамқор әке! Кімге алса да не шаруаларыңыз бар, бастысы балаларыңыз аман болсын!»,- деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін Жұлдыз Өмірғалидың қыз ұзату тойының видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен. Онда қалыңдықты үйінен Айқын алып бара жатқаны анық көрінеді. Бірақ қос жұлдыз да ресми түрде шаңырақ көтеріп, ұлды болғандарын мәлімдемеді.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы