Айгүл Қасымбекова: Балалардың құқығын қорғау – басты міндет

05 қыркүйек, 14:46

Еліміздің балаларды қорғауға бағытталған мемлекеттік саясаты бала құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, оларды кемсітуге жол бермеуге, кепілдіктердің құқықтық негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Конституцияның 27-бабына сәйкес, балалық шақ мемлекет қорғауында.

Бүгінде бала құқықтарын қорғау үшін Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитет, бала құқықтары жөніндегі уәкіл органы, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, полиция органдары, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту қажеттігін үнемі айтады. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстары үшін жаза күшейтілді, балалардың, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау шаралары қабылдануда.

Түркістан облысында да кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олармен жұмыс жүргізу мәселелері айрықша назарда. Түркістан облысы әкімідігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының биылғы жылғы алғашқы жарты жылдықтағы жұмыстарының қорытындыларын талқылау үшін біз Білім басқармасының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбековамен сұхбаттасып, маңызды мәселелерді білуге мүмкіндік алдық.

Айгүл Қасымбекова балалардың құқықтарын қорғау және қолдау жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді:
«2024 жылдың алғашқы алты айында облысымызда жалпы саны 191 аудандық кәмелетке толмағандардың істері комиссиясының отырыстары өткізілді. Бұл отырыстарда барлығы 567 мәселе қаралды, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 484 мәселе назарға алынды.

Аталған отырыстарда кәмелетке толмағандармен жасалынған құқық бұзушылықтардың жалпы саны 254 құрады. Бұл статистика біздің балаларымыздың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарымыздың маңыздылығын көрсетеді».
Айгүл Қасымбекова бұдан бөлек облыстағы ата-анасының қарауынсыз қалған балалар жайында сөз етті. Оның айтуынша, оларға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

«Биыл ата-анасының қарауынсыз қалған 7 бала анықталды. Олар арнайы мектеп-интернаттарға орналастырылып, психологиялық және материалдық көмек көрсетілуде. Бұл балалардың әлеуметтік және эмоционалдық жағдайларын жақсарту үшін әртүрлі шаралар қабылдануда.
Аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс жүргізу бөлімінде 208 жасөспірім есепке алынған. Сонымен қатар, мектепішілік есепте 511 оқушы тұр. Балалармен жұмыс істеу, олардың құқықтарын қорғау және қиын жағдайларды шешу үшін біз тұрақты түрде бақылау жүргіземіз», — дейді ол.

Айгүл Қасымбекова облыстағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданған шаралар мен атқарылған жұмыстардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Осы бағытта әлі де көп жұмыс істеу қажеттігін және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салу керектігін де ұмытпады.

Олжас Әбдіхалық

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?