Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесі жайлы жан сырын ақтарды (Видео)

26 шiлде 2023, 11:37

Отандық әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның ұлы «Өмірдің өзі» бағдарламасында Асылжан Әбдімүтәлиев әкесі Сәбит Әбдіхалықов жайлы айтты.

«Менің әкем елдің көз алдында жүрген азамат. Бір рет Мейрамбек Бесбаев «Асылжан, әкең өзгермейтін адам» деп айтып еді. Мен сұхбат алған кісілердің көбі әкесінің қолы ашық, ақкөңіл екенін айтады. Мен де тура солай айтатын едім. Менің әкем қолы ашық, ақкөңіл, адамнан көмегін аямайтын кісі. Менің көзқарасыммен солай. Ал сырт көздің қандай деп есептейтіні маңызды емес. Сондай бір әзілқой, кей жерде аңқаулау, ер адамға тән қатты мінезі бар азамат», — деді Айгүл Иманбаеваның ұлы.

Сонымен қатар Асылжан әкесі Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасы жайлы айтты.

«Жасөспірім кезде әкемнің кеңесі жетіспеді. Бірақ ол кеңесті өзім барып сұрасам, ол айтатын еді. Менде бір тәкаппарлық, балалық болды, дәтім бармады. Бара алмадым. Ол кісі күйбең тіршілікте жүргендіктен, ойламаған шығар. Шетелде екі жыл тұрған уақытта әкем жайлы көп ойладым. Сол кезде әкеммен неге сырласа алмаймың, әңгімелесе алмаймын деген ой болды. Шетелде оқуымды бітіріп, Алматыға келген кезде жақын араласа бастадық. Мен өзім сырласа бастадым. Ол кісінің өмірі, жұмысына байланысты қиындықтар болған кезде, өте жақсы сырластық. Ол кісі өз өмірі, жіберген қателіктері жайлы айтты. Әкеммен қазіргі таңда жақын қарым-қатынастамыз. Адам болғасын түсініспеушіліктер болады. Себебі ол да, мен де адаммын. Екеуіміздің де бір мінезіміз бар. Кейде сол мінезіміз шайқасып қалады. Бірақ ол мінез үшін араласпай кету деген болған жоқ», — деді Асылжан Әбдімүтәлиев.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды