jasqazaq.kz

Әйелін соққыға жыққан полицей жұмыстан қуылды

24 қазан 2017, 13:08

Қостанай қаласының №2 соты жұбайын соққыға жыққан бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция қызметкері Д жұбайына қасақана орташа ауыр дене жарақатын салғаны үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 16 шілдесінде сағат 18.00 шамасында Д. қызымен кездесу үшін Қостанайдағы Строительный көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің біріне келеді. Бұрынғы жұбайымен кездескен Д. қайта қосылуды ұсынады. Алайда жұбайының үзілді-кесілді қарсылығын естіген жігітте оған қастандық жасайды. Арам ойын жүзеге асырмақ болған Д. кішкентай қыз баласын таныстарының үйіне апарып тастайды. Бұрынғы жұбайы А-ның қарсылығына қарамаған ол Федоров тас жолымен қала сыртына шығып, жұбайын көлік ішінде жұдырық астына алған. Сот үкімімен Д. ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушыны 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. ҚР ҚК 49-бабы негізінде Д. полиция капитаны арнайы шенінен айырылды. Жәбірленуші А. пайдасына сотталушыдан 250 мың теңге материалдық, 450 мың теңге моральдық залал өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс