jasqazaq.kz

«Әйелін шәкіртіне сыйлаған»: Полиция өтірік имамды жауапқа тартты

Бүгін, 20:15

сурет: youtube/@janar_baisemiz

Бұған дейін желіде өзін имам ретінде таныстырған ер адамның сұхбаты жарияланған болатын. Ол сұхбатта әйелдерінің бірін шәкіртіне бергенін айтқан. Аталған видеоға Алматы қаласының Полиция департаменті жауап берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz

Қоғамдық кеңістікте өзін діни ағым өкілі ретінде таныстырған азаматтың қатысуымен түсірілген бейнематериалдың таралуына байланысты Алматы қаласының мемлекеттік органдары тарапынан тиісті тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде сұхбат барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін (соның ішінде әйелдерінің бірін шәкіртіне беру туралы) пікірлер айтылғаны, сондай-ақ қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге кері әсер етуі мүмкін мәселелер қозғалғаны анықталды.

Алматы қаласы Дін істері басқармасы өз құзыреті шеңберінде аталған азаматқа қатысты шаралар қабылдады. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы бойынша діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып,
айыппұл салынды.

Өз кезегінде, Алматы қаласы Полиция департаменті аталған материалдың таралу дерегіне құқықтық баға берді. Айта кету керек, айтылған пікірлердің мазмұны үшін оның авторы жауапты болғанымен, құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тарату да заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Осыған байланысты жарияланым авторы да ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының полициясы діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде материалдарды тарату кезінде жауапкершілік танытудың маңыздылығын ескертеді.

Қоғамдық тұрақтылық пен конфессияаралық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін контентті жариялау және таратуға жол берілмейді.

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету