jasqazaq.kz

Әйелін пышақтаған күдікті сот алдында жауап берді

17 қараша 2017, 12:45

Өз әйелін пышақтағаны жайлы видео мәлімдеме жасаған ОҚО тұрғыны қазір қамауда отыр. Қаратау аудандық соты күдіктіні екі айға тергеу абақтысына жапты,-деп хабарлайды stan.kz.

Бірнеше күн бұрын Хайрулла Нарметова әйелін пышақтаймын деп өз өзіне уәде беріп, соны орындағанына қуанып отырғаны жайлы видео түсірген еді. Ол видео әлеуметтік желілер арқылы тарап та кетті.

Онда жігіт әйелін күдікті бір ағымға кіріп кеткені үшін жазаладым деп айтқан.
Сотта күдікті ол видеоның әлеуметтік желілерде қалай тарап кеткенін өзі де білмейтінін айтқан.

«Мен оны өзім үшін түсірдім. Кейіннен сақтап қойдым. Бірақ ватсапта кімге жібергенімді білмеймін»,-дейді күдікті.

Телефон арқылы келісе алмай қалған бұрыңғы жұбайлар, соңғы бірнеше уақыттан бері ажырасып жүрген екен. Ұрыстан кейін ашуланған жігіт бірден әйелді іздеп барған.

«Ол әйелін Ибрагим ата көшесіне іздеп келді. Қолында пышағы болды. Әйелінен үйге қайтуды сұрады. Бірақ келіншек оның айтқанына көнбеді. Осы жерде жігіт әйелдің кеуде тұсына пышақты сұғып алып, қашып кеткен»,-дейді куәгерлер.

Әйел әлі күнге Сайрамдағы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті