jasqazaq.kz

Әйелін күштеп психиатриялық орталыққа жатқызған ер адам достарымен бірге сотталды

18 ақпан, 12:16

Түркістан қаласының ауданаралық сотында жұбайын психиатриялық орталыққа мәжбүрлеп орналастырған тұрғын мен оның екі досына үкім шықты. Оларға адам ұрлау, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру айыптары тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот ісіне көз жүгіртсек, жұбайымен туындаған отбасылық жанжалдан кейін ер адамда оны психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру жөнінде қылмыстық ниет пайда болған. Өз жоспарын жүзеге асыру үшін ол екі танысымен алдын ала сөз байласқан.

Сотталушылар жәбірленушінің қарсылығына қарамастан, қол-аяғын скотчпен байлап, күштеп Шымкент қаласындағы Облыстық психикалық денсаулық орталығы жеткізіп, сол жерде сотталушы ер адамның тиісті медициналық құжаттарға қол қою арқылы жәбірленушіні заңсыз мекемеге орналастырған.

«Сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша істі ұйымдастырушыға түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Оның сыбайластарына әрқайсысы 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Моральдық зиянды өтеу есебінде сотталған Д.-дан жәбірленушінің пайдасына 5 млн теңге, ал Ю. және М.-дан әрқайсысынан 3 млн теңгеден өндірілді»,- делінген ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес