jasqazaq.kz

Әйелді құтқарамын деп кісі өлтірді

02 қараша 2017, 18:30

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Боралдай ауылы маңында қамыс арасынан шамамен 35-40 жастағы ер адамның денесі табылды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше кісі өлтірді деген күдікпен күл-қоқыстан темір-терсек теріп жүрген жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күдікті бұл әрекетке қаза болған адам таныс әйелді зорлағалы жатқанда араша түсіп бардым деп ақталуда. Күдіктінің мәлімдемесін куәгер ретінде шақырылған азаматша да растап берді. Сондай-ақ, ол өзін белгісіз біреудің зорлауға әрекет жасағаны туралы тәртіп сақшыларына арызданды. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындап, жәбірленушіге қалай және неше жерден пышақ салғанын айтып берді. Полицияда анықталғандай, ұсталған азамат бұрын да ауыр қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал қаза болған азаматтың кім екені әлі анықталмады.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы