Желіде әйелді аяусыз ұрған ер адамның видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Instagram желісіндегі esil.media парақшасында жарияланған видеоға қарағанда, оқиға Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған.
«Қарағандыда ер адам әйелді тонап, оны аяусыз ұрып тастаған.
Оқиға 15 ақпанда түнгі сағат 2:00 шамасында орын алған. 26 жастағы ер адам подъезд алдында әйелді аясуз ұрып, ақшасы мен ұялы телефонын тартып алды.
Полиция 3 сағаттан кейін ер адамды тұтқындады», -деп жазылған видеодағы жазбада.
Өз кезегінде желі қолданушылары ер адамның әрекетіне ашуланып, оның жазаға тартылуын талап етті.
Ескерту! Видеоны жүйкесі әлсіз адамдарға көруге болмайды.