Қазақ-қытай шекарасынан 17 ұялы телефонды денесіне жасырып алып өтпек болған Қазақстан азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оны «Қорғас» бақылау бекетінен тексерген кезде ұстаған.
Әйел 54 жаста.
Ол Халықаралық шекара маңы серіктестігі орталығынан Отанына қарай жаяу жүріп өтпек болған.
«Тексеру барысында денесінен 17 Nokia ұялы телефоны табылды», — деді шекара қызметіндегілер.
Сол күні қазақ-қытай шекарасынан жарияланбаған 100 000 юаньді алып өтпек болған 33 жастағы ер адам да ұсталды.