jasqazaq.kz

Айдос Сарым: Өзімізден де бар

21 қыркүйек 2016, 11:07

ajdos

Мыңжылдық туралы. Менің ойымша, Алматының мыңжылдығына қарсы пікір айтып жүргендердің басым көпшілігі Верныйға дейін ол жерде қаланың болғанын білмейді емес, біледі, түсінбейді емес, түсінеді. Сол баяғы жалған көкірек жібермейді. Сол көкірек қалыптастырған сана мойындағысы келмейді. Мысалы, бұлар бізсіз, біздің өркениетсіз адам болмаған, бола алмайды да деген түсінік бар. Оған біздер де «номад болғанбыз», басқа болғанбыз деп үлес қосамыз. Жаман араб та көшпелі халық қатарында бар. Алайда «Мекке мен Мəдина арабтікі емес» — деп кім айта алады. Қаласы қашаннан тұр, мемлекеттігіне қашан қол жеткізді дегендей… Тағы бір үлкен мəселе өзімізге қатысты. Жиырма бес жыл ішінде осы жер, осы мəдениет, осы қалалар қазақтікі дегенді басқа түгілі, өзімізге дəлелдей алмай келеміз. Өз жерімізде өзіміз қонақ сияқтымыз. Осы елдің иесі мен киесі қазақ дегенді өзгеге аян ете алмай келеміз. Ол үшін сөзсіз мықты мəдени өнім, мықты ақпараттық саясат керек. Өзімізден де бар.

Facebook парақшасынан

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету