jasqazaq.kz

Айдар Тұрғанбектің “Жігіттер” тобынан кететіні рас па?

07 қараша 2017, 10:21

Бүгінде «Жігіттер» тобының әр мүшесінің жеке шығармашылыққа деген шабыты ерекше. Бұл жолы, Айдар Тұрғанбек белсенді түрде бейнебаян таспалап үлгерді. Бірақ, бойзбенд тағдыры үшін алаңдайтын тыңдармандары неге тым-тырыс? Бәлкім, сері жігіттің клиптегі сыртқы образын мақтаудан қолдары босамай жатыр…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Жаңа клиптегі образын желіге жүктегені сол еді, Айдардың оқырмандары дәл осындай жағымды пікірлерді жарыса жазды. Иә, әншіні «Жігіттердің» құрамынан көріп, көзі үйренген тыңдарманның таңырқауы да орынды шығар. Өйткені, түсірілім тобының да мақсаты серіні тың стилде таныстыру болған…

“Түсірілім тобы, режиссер топтан басқа нәрсе істегісі келді. Өзі басында айтты мен топтағыдай Айдарды емес, басқа Айдар қалаймын деді. Содан кейін, мен бірден келістім. Өйткені, басқаша нәрсе маған да ұнайды. Жаңа нәрсе”, – дейді Айдар Тұрғанбек.

Айдардың жаңаша образы «Жігіттер» тобының өзге әншілерін де бей-жай қалдырмаған.

“Дұрыс көрсету керек, көріну керек клипке түскеннен кейін. Енді «Жігіттерде» жүргенде де жаман киінген жоқ Айдар әрине. Бірақ, өзі арнайы стилистермен ақылдасқан болуы керек. Стилистер айтқан болуы керек. Шамасы соның кеңесімен киініп шықты”, – дейді Ердос Қанаев.

Айдар жеке бейнебаяны арқылы отбасы құндылығын сақтап қалудың түрлі жолдарын насихаттауды көздейді.

“Отбасын сақтау, отбасыға азғантай болса да ой салатын нәрсе істегім келді. Қазіргі қоғамдағы үлкен проблеманың алдын-алу ғой енді. Кішкентай болса да әсерімізді тигізу!” – дейді Айдар Тұрғанбек.

stan.kz

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы