jasqazaq.kz

AITB-мен күрес қарқынды 

27 қараша 2017, 15:39

 Еліміздегі үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар (ҮЕҰ) АИТВ-инфекциясымен күресуде алдыңғы қатарда тұр. ҮЕҰ осал топтарға арналған қолдау жұмысын, яғни кімді қоғам шеттетеді және мемлекеттік құрылыммен байланысқа амалсыздан барады. Сол адамдарға қолжетімді емді, медициналық әлеуметтік күтімді, көрсетілетін қызметті кеңейтуді қамтамасыз етуге қол жеткізу арқылы өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Жұртшылықтың АИТВ және ЖИТС-пен күресуге қатысуы мемлекетке бірегей артықшылық береді. Үкіметтік емес ұйымдар өздері қызмет көрсететін адамдар мен қауымдастықтың қажеттілігін ғана емес, сондай-ақ, оларға жылдам әрі тиімді жауап беруге қабілетті. Ереже бойынша, қоғамдық ұйым қызметкерінің, аутрич-жұмысшының, еріктінің алып уәждемесі және өз ісіне деген адалдығы бар.

Тәжірибемен алмасу, ҮЕҰ-дың елдік үйлестіру комитетіне, АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АӨА) кемсітушілік пен стигманы төмендету жөніндегі бағдарлама мен саясатты әзірлеу мен жүзеге асыратын түрлі комитет, комиссияға қатысуы мемлекетке нақты бар қажеттілікке тиімдірек әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ЕҮК құрамындағы барлық мүшенің 40 пайызы қоғамдық ЖИТС-сервистік ұйымның өкілі болып табылады. Азаматтық белсенділердің түрлі мемлекеттік құрылымға белсенді түрде қатысуының біршама мысалы да бар.

Бүгінде Қазақстанда АӨА қауымдастығын ұлттық деңгейдегі екі ұйымы бар: «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық азия ассоциациясы» заңды тұлға бірлестігі және «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қазақстандық Одағы» заңды тұлға бірлестігі (ЗТБ).

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2009 жылы Орталық Азияның ұлттық желісінің, сонымен қатар, Қазақстанның АӨА желісі ретінде құрылды. Қауымдастық АӨА ұлттық бірлестігін қолдау үшін олардың белсенді және маңызды мүшесі ретінде АӨА қажетті медициналық және әлеуметтік көмекке қолжетімділікті және қоғам өміріндегі АӨА бірігуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Қауымдастық жұмысына «АӨА Қазақстандық Одағы» мен Қазақстанның АӨА қауымдастығы белсенді түрде қатысады.

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық Одағы» заңды тұлға бірлестігі еліміздің барлық өңіріндегі 14 үкіметтік емес және қоғамдық ұйымды біріктіреді. Ұйымның миссиясы келесідей болып табылады: «АӨА мен олардың жақыны құрған ұйым 2005 жылы АӨА мен олардың жақынына лайықты өмір сапасын, АИТВ-инфекциясына байланысты болатын алдын алу, емдеу және күтім мен қолдау көрсету бойынша көрсетілетін қызметті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасындағы үкіметпен, азаматтық қоғаммен және бизнеспен ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту үшін бірікті».

Үкіметтік емес ұйымдар денсаулық сақтау министрлігімен, әлеуметтік қорғау министрлігімен, профильді департаментпен (АИТВ, туберкулез, есірткілер жөніндегі), мемлекеттік ғылыми-практикалық орталықпен және институттпен, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықпен, сондай-ақ, БҰҰ жүйесінің ұйымымен (UNAIDS, UNDP, UNODC, UNICEF), Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігімен (USAID), Аурушылдықты қадағалау жөніндегі орталықпен (CDC), халықаралық үкіметтік емес ұйыммен (PSI, AFEW) тығыз серіктестік құра отырып, жұмыс істейді.

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың көшбасшысы» жобасы аясында АӨА Орталық азия ассоциациясы алғаш рет Қазақстанда «Стигма индексі» деңгейі және АӨА арналған қызметтің сапасы мен қолжетімділігін мониторингтеу бойынша зерттеу жүргізді. Ол жағдай халықтың осал тобына арналған алдын алу, емдеу, күтім жасау және қызмет көрсету жөніндегі шешімді қабылдауға АӨА қатысуын арттыруға мүмкіндік берді.

АӨА стигмасы мен кемсітушілік — бүгінде адам құқығы саласындағы олардың іргелі негізін белден басып қана қоймай, сондай-ақ, АИТВ-инфекциясының таралушылық факторы, АИТВ саласындағы алдын алу, емдеу, күтім жасау және қолдауды алуға негізгі тосқауыл болып табылады. Сонымен қатар, ол кез-келген медициналық, әлеуметтік, заңдық және басқа да қызметті алуға үлкен тосқауыл болмақ. Стигма мен кемсітушілік құбылысын жою  ЮНЭЙДС-тің «Нөл» мақсатына жету бағытында» түйінді міндеттің бірі болып табылады.

Осы жоба аясында екі «Орталық азия АӨА форумы» ұйымдастырылды. Оның мақсаты – аймақтың АӨА қауымдастығын біріктіру және жұмылдыру, қызметін жоспарлау, серіктестік байланысты кеңейту болды. Қазақстан атынан АӨА қауымдастығының өкілінен тұратын делегация шықты.

Біздің екінші бір бастамамыз — АИТВ жөніндегі ұлттық саясаттың гендерлік талдауын жүргізу. 2 жыл барысында АИТВ-мен өмір сүретін әйелдердің ұлттық желісін дамыту бағдарламасын әзірлеу, апиынды орынбасушы терапия бағдарламасындағы гендерлік мәселе, көшбасшылық, репродуктивтік денсаулық, байланыс және адвокциялау бойынша тренинг пен вебинар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Өмір сүретін әйел» атты Қазақстан мен Тәжікстанның АИТВ жұқтырған әйелдері тап болатын стигма және кемсітушілік туралы деректі фильм түсірілді.

АӨА Қазақстандық Одағының жобасы азаматтық қоғам тарапынан адвокациялауды күшейту, қызметті алуға қолжетімділікті арттыру, АИТВ-инфекциясы індетіне қарсы әрекет етуге бағытталған ұлттық күште АӨА қауымдастығының қатысуының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Ең маңызды жобаның бірі — Зиянды төмендетудің Еуразиялық желісі қолдау көрсеткен «Қаржыландыруды қамтамасыз етіңіздер — зиянды төмендету нәтижесін береді» атты жоба болып табылады. Негізгі міндеті — қолдаушы орынбасушы терапия (ҚОТ) бағдарламасын мемлекеттік қаржыландырумен қамтамасыз ету, адвокациялау. Жобаны жүзеге асыру барысында есірткі тұтынушы адам қауымдастығының өкілі орынбасушы терапия бағдарламасына қатысты қоғамдық пікірді өзгерту үшін баспасөз конференциясына, Қазақстанның 10 қаласындағы қоғамдық тыңдалымға қатысты. Семинар, тренинг, аймақтық кездесуден басқа «Ұлттық есеп: стратегиялық қаржыландыру пайдасына арналған аргумент», «Халықаралық қаржыландырудан ұлттық қаржыландыруға қарай өтудің елдік ұстанымы», «Зиянды төмендету бағдарламасы қызметінің сапасы және оларды мониторингтеу жөніндегі есеп» сияқты құжат әзірленді.

Есірткі тұтынушы адам қауымдастығы жергілікті бюджетті қалыптастыру бойынша мемлекеттік құрылым жанындағы түрлі топтағы сарапшы ретінде енді (шприцті алмастыру пунктіне арналған шығын материалын сатып алуға арналған жұмыс тобы  – Алматы облысы, Денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қамтамасыз етудің заңдылығы жөніндегі тұрақты комиссия –  Теміртау қаласы және т. б.).

Ұйымның тағы бір маңызды жобасы — «Қазақстанның ҮЕҰ базасында АИТВ-ға жедел тестілеуден өткізуге қолжетімділік». Жобаның негізгі мақсаты — аталған қызметке халықтың түйінді тобының қолжетімділігін жақсарту үшін ҮЕҰ базасында АИТВ-ға жедел-тестілеуден өткізу жөніндегі қызметті көрсетуге арналған жағымды құқықтық ортаны қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ҮЕҰ базасында АИТВ-инфекциясына жедел-тестілеуді енгізуге арналған құқықтық негіз жоқ. Ал ол АИТВ-ға тестілеумен қамтуды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін қор болмақ. Қазір Еуропа мен Орталық Азия елдерінде орта есеппен АИТВ-мен өмір сүретін әрбір үшінші адам өзінің ахуалы туралы білмейді. Әрбір АИТВ жұқтырған екінші адам диагностикалаудан кеш өтеді.

Қазақстандағы АИТВ-ға тестілеуді тек ЖИТС орталығы жүргізе алады. Ондай мекеме әрбір қалада бар. Мәселе – түйінді топтағы адам мен АИТВ жұқтырған адам ол жаққа баруға асықпайтындығында болып тұр. ҮЕҰ – ашығырақ ұйымдар және сенімді көбірек ұялатады.

Қазақстанның көптеген аймағында АИТВ жұқтырудың жоғарғы қаупіне тап болған топқа көмек және қолдау көрсету бойынша жобаны жүзеге асыратын ҮЕҰ белсенді түрде жұмыс істейді. АИТВ-ға тестілеу жасау — аталған жобаның тиімділігінің түйінді факторының бірі болып табылады. Сол себепті, аталған ұйымның базасында аталған қызметтің болуы АИТВ-ға тестілеуден өтетін адамды қамтуды арттырып қана қоймай, сондай-ақ, жүзеге асырылатын жоба сапасының деңгейін де арттыруға көмектеседі.

«Қазақстанның ҮЕҰ базасында АИТВ-ға жедел тестілеуді жүргізуге қолжетімділік» жобасының жұмысы аясында Қазақстан Республикасындағы ҮЕҰ базасында жедел-тестілеуді енгізу үшін тосқауылға талдау жүргізілді.

Үкіметтік емес және қоғамдық ұйым елдің әлеуметтік саясатының басымды бағытын анықтауға және әзірлеуге, бюджеттік үдеріске және әлеуметтік қызметті көрсету саласында мемлекетпен және корпорациямен өзара әрекет ету механизмін құруға қатыса алады және қатысуы қажет!

 

Нұрали Аманжолов,

«АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

 

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады