jasqazaq.kz

Аида Балаева: Театр өнеріне құштар жандардың арасында жастар көп

Бүгін, 18:10

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі  Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында театр өнеріне құштар жандардың арасында жастар көп екенін айтты.
«Бүгін – Дүниежүзілік театр күні. Сахна саңлақтары үшін айрықша мәнге ие айтулы дата. Театр – тәрбие алаңы, талғамды қалыптастыратын, ой мен сезімді тербететін, қоғамға өзін және өз дәуірін тереңірек тануға мүмкіндік беретін бірегей өнер кеңістігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, театрлардың дамуы – кез келген елдің мәдени деңгейінің маңызды көрсеткіші. Бүгінде Қазақстанда театр өнеріне деген қызығушылықтың артып келе жатқаны анық байқалады. Көрермен сұранысы да барған сайын мазмұнды әрі талапшыл сипатқа ие болуда. Әсіресе, сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы көңілге ерекше қуаныш ұялатады. Бүгінде елімізде 70-тен астам театр жұмыс істейді, олардың 57-сі – мемлекеттік. Тек 2025 жылдың өзінде мемлекеттік театрларда 410 премьера сахналанып, 539 гастрольдік сапар ұйымдастырылды. Былтыр көрермендер саны 2,8 миллионнан асты. Ал, 2026 жылдың алғашқы тоқсанында республикалық театрлар 170 мыңнан астам көрерменге қызмет көрсетті», — деді Аида Балаева.
Министр  бұл көрсеткіштер театрдың елімізде сұранысқа ие, өміршең әрі халыққа жақын өнер екенінің айқын дәлелі екенін айтты.
«Осы ретте мәдениет пен тарих мәселелерінің елдің Ата Заңында берік құндылық ретінде бекітілуі де ерекше маңызға ие. Жаңа Халықтық Конституцияда мемлекеттің қызметінің іргелі қағидаттарының қатарында ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеттері айқын көрініс тапқан. Бұл Қазақстан үшін мәдениет қосалқы сала емес, қоғамдық дамудың және ұлттық бірегейліктің негізгі тіректерінің бірі екенін көрсететін маңызды бағдар. Сонымен қатар Конституцияда тарихи-мәдени мұраға ұқыпты қарау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау әр азаматтың міндеті ретінде бекітілген. Бүгінде қазақстандық театрлар жаңа қойылымдарымен көрерменді қуанта отырып, халықаралық сахналарда ел абыройын асқақтатып келеді. Олар түрлі фестивальдерге қатысып, жоғары бағаларға ие болып, мәдени байланыстарды кеңейтуге өз үлесін қосуда. Осы айтулы күні театр өнерінің барлық өкілдерін Дүниежүзілік театр күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шалқар шабыт, шығармашылық табыс, өнер жолында жаңа жетістіктер тілеймін!», —  деп жазды Аида Балаева.
Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету