jasqazaq.kz

Аида Балаева: Орталық Азия елдеріне ортақ проблеманың бірі – жалған ақпарат

16 сәуiр, 12:48

Астанада өтіп жатқан ІІ Орталық Азия медиафорумында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпарат қауіпсіздігі туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Министр: «Онлайн-платформалардың әкімшіліктерімен пәрменді өзара іс-қимыл орнату бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдап келеміз. Осыған дейін істелген жұмыстардың арқасында қазір Қазақстанда «Facebook», «Instagram», «Вконтакте», «Одноклассники», «Тикток», «Mail.ru» және басқа сервистердің өкілдері айқындалды. Сондай-ақ Қазақстан заңсыз контент (кибербуллинг, алаяқтық, экстремизм, порнография) пен жалған ақпаратты таратуға қарсы күресте айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Бұл бағыттағы маңызды жетістіктерге кәмелетке толмағандарды цифрлық кеңістікте қорғауда қол жеткізілді», — деп атап өтті.

Аида Балаеваның айтуынша, 2018 жылы зиянды контентке қол жеткізуді шектеудің құқықтық тетіктерін бекіткен «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заң қабылданды.

«Бұл ақпараттық кеңістіктегі балалардың қауіпсіздігінің негіздерін қамтамасыз етуде маңызды қадам болды. Қабылданған шаралардың арқасында «балалардың ақпараттық қауіпсіздігі», «балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау», «балалардың ақпаратқа қол жеткізуі» сияқты анықтамалар пайда болды, балалар үшін тыйым салынған контенттің тізбесі бекітілді, ақпараттық өнімдерге жас шектеулері белгіленді, — деді ол.
Министр өз сөзінде жалған ақпарат тарату мәселесіне де тоқталып өтті: «Масс-медианы дамытуда соңғы трендтерді ескере отырып, Орталық Азияның барлық елі үшін ортақ проблемалардың бірі — әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде анық емес ақпаратты, әртүрлі жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламаларды тарату. Фейктерге қарсы күресте «Stopfake.kz» қазақстандық жобасы сәтті жұмыс істеп келеді».

JQ-Aqparat

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр