jasqazaq.kz

Аида Балаева «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталуына орай бейнеүндеу жариялады (Видео)

22 мамыр 2025, 21:29

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталғаны туралы бейне үндеу жариялады. Онда былай делінген:
«Құрметті достар!
Баршаңызды алдағы Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мереке қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен онкүндік басталды. Өйткені бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратын – отбасы. Дәл осы ортада тұлғаның қабілеті дамып, болмысы қалыптасады.
Президентіміз балалардың сапалы білім алуы мен тәрбиесіне мемлекет пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі маңызды екенін үнемі айтып келеді. Социологиялық зерттеулерге сәйкес, азаматтардың 90%-ы ата-ана болуды өміріндегі ең маңызды құндылық деп санайды. Ал 85 пайызы ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті – отбасылық әл-ауқаттың негізгі шарты ретінде көреді.
Мемлекет әр бала тек үйде ғана емес, қоғамда да қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөленуі үшін барлық жағдайды жасап келеді. Бұл бағытта Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне маңызды міндеттер жүктелген.
Ұлттық комиссияның «One-Stop-Service» жобасы аясында балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық оқиғаларын қамтитын 50-ге жуық қылмыстық іс қаралып, 700-ден астам әйел мен балаға жедел көмек көрсетілді.
Шалғай өңірлерге қызмет көрсеткен «Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңнан астам азаматты қамтыды. Әсіресе, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әлеуметтік осал отбасыларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ балалардың цифрлық қауіпсіздігі мен суицидтің алдын алу бойынша нақты бастамалар жүзеге асуда.
Мемлекет басшысы төрағалық еткен Үшінші Ұлттық Құрылтайда берілген тапсырмаға сәйкес, Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл бағдарлама еліміздегі балалардың өзекті мәселелерін шешуге арналған, заманауи сын-қатерлерге жауап беретін тұтас ұлттық жүйе болмақ.
Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі бала тәрбиелеуге бағытталған отандық және үздік халықаралық тәжірибелерге негізделген «Ата-ана академиясы» жобасын іске қосты. Жақын арада арнайы онлайн платформа іске қосылады.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атынан барша ата-аналарды балаларының қызығушылықтары мен мұқтаждықтарына көбірек көңіл бөлуге шақырамын.
Бақытты әрі дені сау ұрпақ – еліміздің басты мақтанышы және мемлекетіміздің өркендеуінің шынайы көрсеткіші. Мерекеде барлық отбасыға бақыт пен береке, жанұя жылуын тілеймін».

JQ-Aqparat

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам