jasqazaq.kz

Аида Балаева биылғы байқауда киножобалар жасанды интеллект көмегімен іріктелетінін айтты

01 наурыз, 16:32

Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде киножобалар конкурсы басталғанын хабарлады.
Министр өзінің Facebook парақшасында былай деп жазды:
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сапалы және рухани тәрбиелік мәні бар кино жасау туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан жыл сайынғы киножобалар конкурсы бүгін басталды.
Іріктеудің басым тақырыптары Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сайтында жарияланды. Биыл туған жер, отбасы, салауатты өмір салты, ұлттық құндылықтар, еңбек, заң, тәртіп, табиғат, ғарыш, туризм сияқты жан-жақты тақырыптар легі ұсынылып отыр.
Маңызды жаңалықтардың бірі – іріктеу жасанды интеллекттің көмегімен өткізіледі. Бұл ашықтық пен шешім қабылдаудағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге көмектеседі.
Ережеге сәйкес бірінші кезеңде тек сценарийлер мен сценарий жоспарлары қабылданады. Екінші кезеңде құжаттар топтамасының толық сәйкестігі тексеріледі. Ал ашық қорғау мен питчинг кезеңі онлайн көрсетілім арқылы өтеді.
Конкурс нәтижесінде мемлекеттік қолдау тапқан жобалардың 70 пайызы жас режиссерлердің туындылары екені ерекше қуантады.
Сапалы, сауатты фильмдер түсіргісі келетін авторларға сәттілік тілеймін!
JQ-Aqparat

Сурет: ашық дереккөз

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады