jasqazaq.kz

Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты

19 қантар, 13:48

Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтай аясында өткен Әлеуметтік-даму секциясында Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық балалар кітапханасы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Аида Балаева: «Еліміздегі кітапханаларда оқитын кітап аз деуге болады. Өйткені осы отыз жылда бір автордың кітабы жүз, екі жүз, тіпті мың рет шыққан деректер бар. Атауын өзгертіп қайта-қайта шығара береді. Біз әр кітапхананың кітап қорын зерделеп шықтық. Шынымен, мұндай өкінішті жағдайлар көп кездесті. Балалар өзі оқығысы келіп, іздеген кітабын таба алмайды. Балалардың кітапқа қызығушылығын арттырғымыз келеді, бірақ олардың сұранысын қанағаттандыратын дүниелер жоқтың қасы. Ол үшін толық деңгейде жағдай жасай алмай келе жатқанымызды ашық айтуымыз керек», — деді Аида Балаева.
Осыған орай, министр Үкімет деңгейінде комиссия құрып, кітапханалар қорын толықтыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар бұл жұмысты жеделдету қажеттігін айтты.
JQ-Aqparat
Сурет: Нұрболат Нұржаубай

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам