Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылығының басым бағыттарын дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталарын әзірлеген. Бұл карта Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды көздейді.
Бұл туралы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауын талқылауға және іске асыру шараларына арналған «Аграрлық ғылымның АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосқан үлесі» тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясында айтылды.
Ауыл шаруашылығы минисрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Нәметов Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында аграрлық секторға ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығы саласын экономиканың драйверіне айналдыру тапсырғанын айта келіп, осы мақсатта жасалған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Асқар Мырзахметұлы «Сонымен қатар өндірістің, білім мен ғылымның тығыз интеграциясы негізінде агроөнеркәсіптік кешенді жылдамдатып инновациялық дамытуға бағытталған аграрлық ғылымды жаңғырту картасы да әзірленуде», — дейді.
Спикерлер атқарылған шаралар еліміздің агроөнеркәсіп саласына тың серпін беріп, экономикалық қуатын арттыра түсетініне сенім білдірді.