Агрокластер құру уақыт талабы

16 шiлде 2023, 11:12

Шымкент бір жағынан республикалық маңызға ие қала, заманауи мегаполис ретінде дамып келе жатқанымен, екінші жағынан мұнда ауыл шаруашылығы саласы зор потенциалға ие. Қалаға кейінгі жылдары қосылған елді мекендердің есебінен Шымкентте 27 мың гектардан астам алқапқа егін егіліп жүр. Соған қарамастан шаһардағы базарлар мен дүкен сөрілерінде көршілес елдерден әкелінген импорттық көкөніс пен тамақ өнімдері самсап тұрады.

Шымкент қаласының әкімдігі осындай күрделі мәселені жүйелі түрде шешу үшін ауыл шаруашылығы саласында кластерлерді дамытуға күш салмақ. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметі бойынша, 2024 жылға дейін кемінде 5 бағыттағы кластер қалыптастыру жоспарланып отыр. Олардың арасында сүт өнімдерін өңдеумен, ет өнімдерін шығарумен, жеміс-жидек пен көкөністі сақтап, оны консервілеумен, балық өсіріп, одан дайын өнім шығарумен және омарташылықпен айналысатын кластерлер болады. Басқарманың деректеріне сүйенсек, қазірдің өзінде аталған бағыттар бойынша 13 инвестициялық жоба қолға алынған. Атап айтқанда, жемісті консервілейтін 3 фабрика, көкөніс сақтауға арналған 6 қойма, 1 құс фабрикасы мен 1 тауарлы сүт фермасы, өсімдік майын өндіретін 1 цех және 1 жылыжай кешені ашылады.

Шымкенттегі ауыл шаруашылығы кластерлерін қалыптастыру бағытындағы жұмыс қойма салып, өндіріс орындарын ашумен бітпейді екен. Бұл бастама аграрлық салалың тұтастай дамуына әсер етуі үшін әкімдік ірі инвесторлар мен ұсақ шаруашылықтардың өзара серіктестік орнатуына дәнекер болуға дайын. Ол үшін ұсақ шаруашылықтар, тіпті, үйінің жанына азын-аулақ егін егіп жүрген азаматтар өзара бірігіп кооперативтер құруы керек.

Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқарма басшысы Абунасыр Джанбатыровтың айтуынша, 3 жылдан аса жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 21-ден 29 жасқа дейінгі иелері, 21 жастан 58 жасқа дейінгі әйел кәсіпкерлік субъектілері 7,5 %-бен 10 млн. тг. дейін субсидиялау көмегіне жүгіне алады. Сонымен қоса, өнеркәсіптік парк тұрғындарының кәсіпкерлік субъектілері, АӨК-ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері 8,5%-бен 50 млн. тг. дейін субсидиялау көмегін алуға мүмкіндігі бар.

-Қаламыздың агломерациялық өсімінің артуына байланысты, ауыл шаруашылығы өнімдерінен дайын өнім өндіретін кәсіпорындарды көптеп ашып, осы бағытта атқарылатын жұмыстарға күш салуымыз керек,-деді қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды