jasqazaq.kz

Агент Патрик Твумасидің мәскеулік «Спартак» сапына ауысуы мүмкін екенін растады

20 желтоқсан 2017, 17:12

Елордалық «Астана» футбол клубының шабуылшысы Патрик Твумаси карьерасын мәскеулік «Спартак» клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы мәліметті Sportsdaily.ru порталына футболшының агенті Ненад Крульяц айтты.

Бұған дейін «Спартактың» Твумасиді қыста мәскеулік клубтан кетуі мүмкін деген шабуылшы Квинси Проместің орнын басатын футболшы ретінде қарастырып жатқаны туралы жазылған еді.

«Твумаси «Спартакқа» ауысады дейсіз бе? Расымен ол мәскеулік клубқа ауысуы мүмкін. Бірақ басқа ақпарат айта алмаймын», — дейді Крульяц.

Айта кетейік, 16 желтоқсан күні «Спартактың» директорлар кеңесінің төрағасы Наиль Измайлов мәскеулік клубтың Твумасиге қызығышылық білдіріп отырған жоқ екенін айтты.

«Спартактан» бөлек Твумасиге тағы бірнеше клуб қызығып отыр. Олардың қатарында шотландиялық «Селтик» пен германиялық «Штутгарт» клубы да бары. Одан бөлек бірнеше түркиялық клуб та шабуылшыны сатып алғысы келеді екен.

Еске салайық, биыл шілде айында Твумаси «Астана» клубымен келісімшартын ұзартқан еді. Енді оның «Астанамен» 2019 жылға дейінгі шартнамасы бар.

vesti.kz

Бүгін, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім