Адасты, түсінді, ортаға оралды

07 қазан 2016, 14:39

Ғаламтор арқылы әйел адамның тұрмысқа шығуы үшін, өзіне жарнама жасайтын әлеуметтік желілері өте көп. ВКонтакте желісіндегі «Неке Қазақстан» деген бірлестікте, әйел адамдардың анкеталары жазылған арнайы жазбаларды табуға болады. Жасын көрсетіп, (тұрмысқа шыққан немесе ажырасқандығы туралы т.б.) өзі туралы қысқаша деректені береді. Осы топтан өзіне тіреу болар ер-азаматты іздеген, жиырма бес жастағы азаматшамен сөйлесіп көрдік. Өзінің шынайы аты-жөнін жасыруды қалаған әлеуметтік желідегі тіркелуші, бізге өз басынан өткен жағдайын айтуға келісті. Сәләфиттік ағымның аясында алты жылғы ғұмырын өткізген екен. Гүлбаршын (аты өзгертілген) есімді азаматшаның ауыр тағдыры, көптеген қыздарымызға сабақ болады деген ойдамыз?!.
Мен, ол кездерді мүлдем есіме алғым келмейді… Алайда басқа жандардың мен сияқты қорланғанын қаламаймын. Сондықтан, сізбен өз басымнан өткен жағдайымды баяндауға келісімімді бердім. Ол кезді өмірімдегі ең қорқынышты түс ретінде қалдырғым келеді. Әттең, бірақ оны ұмытар емеспін! Аллаға тәуекел етіп, бақытты өмірді кешермін. Бұны Алланың маған берген ең үлкен сынағы деп қабыл алдым! Жоғары оқу орнын оқып жүріп, Алланың бұйырған бес уақыт намазында қатар алып жүрдім. Басында «Әбу Ханифа» мәзһабын ұстанған болатынмын. Құранның екі парасын сол кезден бастап жаттап алдым. Алайда мешітте өздері жекешеленген қыздармен айтысуды шығардық. Ондағы жанжалымыздың, себебі олардың басқа бағытты ұстанатындығы. Мен, хиджабты кидім. Олардың кейбірі ниқабта болды.

6qr217j2qdtmm1pe-lg

Біз, жиі-жиі олармен айтысып жүрдік. «Сендерге дәлел қажет болса көрсетеміз», – деп, ауызашарға шақырды. Құрбым екеуміз оларға баруға келістік. Кешке таман барып, дастарқан басында «ал енді дәлелдеріңді көрсетіңдер?» – дедік. Ондағы бір топ қыз жан-жақтан бірінің сөзін бірі жалғап, алдымызға өз дәлелін үйгендей болды. Мен құрбыма қарағанда, олармен көп араласып кеттім. Өйткені, сол кезде оларға сеніп, осы жамағатқа бауырым бұра бастады. Ал құрбым аса мән бере қойған жоқ. Құрбыммен де осы кезден бастап достығымыз екіге айырылды. Ол бұрыңғыша мешітке барса, мен мүлдем баруды қойдым. Осылайша, сәләфизмнің уағызшыларын тыңдап, өмірімді мүлдем басқа арнаға бұрған болатынмын. Құрбым мені ойымнан қайтаруға сан мәрте тырысып бақты. Тіпті ҚМДБ-дағы ұстаздармен де кездестіргісі де келді. Бірақ өзімнен басқасының бәрін бір сәтте адасушыға шығардым. Тек осы жолды ақиқатта деп білдім. Өзіме сондай нақты сенімде болдым. Мәзһабты ұстағаным үшін, адасқан екенмін деген санама ой келген болатын. Осы үшін қатты өкінемін! Бекер сол кезде мешітке қайтадан сұрастырып бармаппын. Бәрібір қазір қайтадан сол кезді қайтара алмаймын. Өмірімдегі ең қорқынышты сәттерім енді басталды. Осы жамағатпен араласып, «суруриттер» деген екінші бір ортамен араласа бастадым. Мадхалиттер де, суруриттер де өздерің «сәләфилер» деп атайды. Алайда ішімізден мақсатымызға қарай осылай бөлінеміз. Айырмашылығымыз аса көп емес. Сондағы бір қызбен жақсы араласып жүрдім. Ол кісінің шетелден де алған білімі бар екен. Мені күніге үйіне қонаққа шақырды. Бұл жамағаттың қазіргідей атауын білмеймін. Енді ғана сәләфиттік бағытқа қадам басуым. Үйінде маған діни бір-екі сауалын қойды. Мен енді үйреніп жатқанымды айттым. Сонда ол кісі «мурджиттер екенсіз ғой?» деді. Естігенде таң қалдым! Жүріс-тұрысымыз бір болатын. Ол кісі де ниқабта. Өзімізді әуелгі жолдағылармыз дейміз. Сөйтсек, тағы ішінен топқа бөлінеді екенбіз. Ақыры осы кісі өз жамағатына мені қоспаққа тырысып, үйіндегі оқулықтарынан дәлелін көрсетті. Кешкі сағат 19:00-де барғаннан, түнгі 04:00 уақытқа дейін осы әңгімеде болдық. Қайтадан көзім байланып, осы жамағаттың мүшесі болып шыға келдім. Екі күннің ішінде басқа жамағатқа ауыстым. Алдында бір-бірімізді тыңдамаймыз деп, екі жамағаттағылар өз арамызда айтатынбыз. Шубха түсіп қалса, қиын болады деуші едік. Сол үшін де болар, мадхалдардың менен алыстағаны. Оларға күдікпен қарағаным ұнамаса керек. Осы жамағатта қалып, тұрмысқа шықтым. Екі ортаны көрген соң, өзім де көп нәрсені айырамын. 21 жасымнан бастап, алты жылғы ғұмырымды осы ортада өткіздім. Өзімізді ақиқатты айтушылармыз дедік. Тек қана өзімізбен ғана санасатынбыз. Кім намазды оқымайды, соның бәрінде айыптауға көштік. Оларды кәпір ретінде санадық. Бізді қолдамайтыңдарды адам құрлы көргіміз де келмейтін.
Мұндағы жамағат өте ұйымшыл еді. Махрамсыз әйел адамның жалғыз жүруін қаламайтын. Бұрынғы күйеуім де осы жамағаттан. Кейде осылардың «сүннет» дегені бос сөз бе деп қалдым?.. Күйеуімнен қалған қызымның барына неде болса да, Құдайға шүкір! Менің мойымай өмірге деген құштарлығымды, махаббатымды арттырды. Әкесіне келсек, не дерімді білмеймін?.. Қызымның «папа, тауып бер!» деп айтатыны жүрегімді ауыртады. Өзі қатарлы балалармен ойнап, олардың әкесі барына қатты қынжылады. Кейін өскен соң, оған не деп түсіндірерімді білмеймін?! Тұрмысқа шыққан кезімде, жағдайым мүлдем өзгерді. Нақты айтсам, сәләфизмнің кәдімгі секта екендігіне көзім жетті. Олардың істері сүннетке мүлдем сай болмай кетті. Осы қызыма аяғым ауыр болды. Шариғаттағыдай босануға мерзімім жетіп тұрса да, күйеуім талағын берді. Мұндағы себебі оған екінші әйел алу керек болды. Қанша жерден талағы жүрмесе де! Ажырасқан сәттен бастап, бауырсымақ ахилары бірінен соң бірі «маған тұрмысқа шық!» деп ұсыныс жасады. Осы кезде босанғаннан кейін, қызымды алып, бұл жамағаттан қашып шықтым.
Біздегілердің жыныстық тақырыбында қыздар мен жігіттер еркін сөйлесе береді екен. Бұны өзім кеш білдім. Бір-біріне ұялмай суретін жіберіп, кәдімгі «сүйем», «шешін» деген сөзін айтатын. Осы жағдайлар мені қатты ойландырып, өзімізді «әуелгі жолдағылармыз» деуден жиіркеніп кеттім. Басында жағдайым мүлдем қиын болды. Екі күнге әзер нанымды тауып жейтінмін. Басқа амалымыз болмады! Қазіргі кезде Алматының бір саябағында балмұздақ сатушымын. Осылайша, әркімге бір жалданып, әрең дегенде нанымды тауып жүрмін. Күніге аларым 1000-1500 теңге. Азанғы сағат 07:00-ден тұрып, түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істеймін. Пәтеріміз арзан болуы үшін алыста тұрамын. Сондықтан да ерте тұрып, күніге жаяу барып қайтамын. Қызымның әкесінен еш жақсылық күтпеймін! Әркімнің ақысын Алла ақыретте алып береді. Менің қазіргі мақсатым – қызымды жетілдіріп, ата-анамнан кешіріп сұрап, қайтадан олармен бір отбасы болуды мәңгіге қалаймын.
Бізге ішкі саясат бөлімінің теологтары, ішкі істер министрлігінің ақсақалдар алқасы, имамдар да, дінтанушылар келіп аралайтын. Бірқатар түсіндіру жұмыстарын да жасаған. ҰҚК және ІІМ талай рет қонақта болып қайтқанбыз. Біз оларды «адасушы» десек, қалай тыңдаймыз? Біздің білім алатын уағыздаушыларымыз тек өздерің ғана тыңдауға шақырады. Басқа қоғам мүшелерін бізге жиіркенішті етіп көрсетеді. Сондықтан ондай түсіндіру жұмыстарына құлағымызды көбінесе ілмейміз. Қайта Сирияға кетпек болып жатқанда, тәртіп сақшыларының қолына түскеніміз үшін рақметімді айтамын. Егер де шекарадан асып кеткенде, жағдайым не болар еді?! Ондағы соғысқа барып, бейбіт елімнің тағдырынан айырылар едім. Біздің уағыздаушыларымыз радикалды бағытқа үндейтін! Өз арамызда, тіпті сабақтар болатын. Skype желісі арқылы әрбір жердегі жамағат­тарымызбен онлайн сабақтарды арамызда өткіземіз. «Жезқазған», «Қарағанды», «Атырау», «Ақтөбе», «Жаңаөзен», «Ақтау», «Алматы» т.б. қалалардағы жамағаттарымызбен тығыз байланыстамыз. Түрлі әлеуметтік желіні пайдаланатынбыз. Олардың көбі ВКонтакте, Facebook сияқты танымал емес. Қарапайым қолданушылар да, көбісі оларды мүлдем білмейтін. Осындай желілер арқылы Сирияға аттанбақшы болдық. Алдын ала бір топ адам дайындалдық. Мен ол кезде кетуге қатты ниет еттім. Арамыздан бір адам тиісті жерге айтты ма, әйтеуір бәріміз кетпекші болып жатқанда орта жолда ұсталып қалдық. БАҚ-қа сене бермейміз. Өзіміздің ВКонтакте желісінде «Халифат», «Әл Хаят» деген бірлестіктеріміз бар болатын. Тек солардағы жаңалықты дұрыс көретінбіз. Сириядан қайтып келген жандардың сұхбатын, оқиғаларын берсе, оны өздері сатып алған деуші едік. Ондайдың бәрін заңды жағалаған адамдар дейтінбіз. Мүмкін, мына менің оқиғамды оқыған сізден басқа жандар әдейі жасалынды деуі ғажап емес. Тек қана біздегілердің көбі, басына осындай жағдайларды түскенде ғана біледі. Сәләфизм бағытындағыларды дәстүрлі исламға қайтару қиын. Ақтөбедегі лаңкестердің қатарында қаза болған жандардың, кейбір жұбайлары күйеулерінікін дұрыс көреді. Оларға қанша үкімет дұрыс еместігін айтып, аттарымен түстеп жатса да күйеулерін «шахид» болды деп есептейді. Біздің жамағаттағы жесір қалған әйел затының көбінің күйеуі, экстремизм бабымен сотталып кеткендер. Бұның бәрін өздеріне келген сынақ деп біледі. Қандай қиындық көрсе де, мойымауға тырысады. Сондықтан, олар бұл жағдайда қасиетті жихадты орындадық деп ұғады. Еш жасыратыны жоқ! Өзімде кезінде солай түсіндім.
Елге біраз танымал болып қалған уағыздаушыларымыздан білім алдық. Мадхалит пен сурурит жамағатының ғалымдары бір. Жұрт екеуінің қайсысын радикал деп айыра алмасы сөзсіз. Менде тура бұлардың айырмашылығын білмей, екі ортадан да өз өміріме балта шаптым.

daish
Осы сәләфизм бағытында болған кезімде, ата-анаммен талай дауласып ұрыстым. Мені оқытып, барын аямай жетілдірді. Солардың арқасында жоғары оқу орнын оқып бітірдім. Дипломымды алып ауылға бардым. Негізі, өзіміз еліміздің оңтүстік аймақтарында тұрамыз. Сәләфиттік көзқарастарымды отбасыма да айтушы едім. Сендердікі дұрыс емес деп! Сол себепті асыл дінімізбен келе жатқан салт-дәстүрімізді бидғатқа, адасушылыққа айыптап, мүлдем ойланбастан теріске шығардым. Үйдегілер маған мүлдем таң қалды! Оларда мені қайтаруға тырысты. Алайда анамның құйып берген асын төгіп, көзінше «сендер кәпірсіңдер» деп, өз жолыммен кетіп қалдым. Міне, алты жыл өте шықты. Қатты сағынамын! Бекерден-бекер отбасымды осылай тастап кеттім. Менің тұрмыс құрған күйеуім де ата-анамызға жақындатқызбады. Анам, әлі күнге дейін зар жылап жүр. Келуімді талай маған айтып өтінді. Алдарына баруға қатты ұяламын. Кезінде асын ішпей, төгіп кеткенім үшін өз-өзімді кешіре алар емеспін. Менде анамын ғой!? Перзентінің бақыты үшін бәрін жасауға даяр…
Әрине! «Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің» деп, бұрынғылар бекер айтпаса керек. Осыншама қыздарымыздың бақытсыздыққа тап болып, жастарымыздың өз еліне қару алып жүгіріп жатқанына не дейміз!? Гүлбаршын сияқты көптеген қыздарымыз өзіне қайтадан күйеу іздеп, ғаламтор желілерінде бақытты ғұмыр кешуі үшін үміт етуде. Басынан көптеген тауқыметті өткізіп, ешқайсына мойымай алға ұмтылған осындай қызымыздың қайсарлығына тәнті болдым. Кішкентай ғана періштедей сүйкімді перзенті, жалғыз өзі жетілдіріп жатқан анасына жәрдемші екен. Әкесінің қызы үшін жәрдем бермейтіні, бір рет болсын келіп, ер жетіп жатқандығын көрмей, мүлдем хабарсыз кетуі мына сіз бен бізге ауыр тиері сөзсіз. Осындай тағдырдың себепшісі болған, сырттағы теріс пиғылды діни насихаттың уағыздаушылары екендігі анық. Ал уағыздаушылардың сәләфизм бағытымен білім беріп, тек қана тыңдаушыларын өз жолдарына ғана шақырады. Осыдан соң бір жүйедегі идеологиялары қалыптасып, қоғамымыздың бөлінуіне алып келіп жатыр. Әйел затының шариғаттағы орны мен құқығын таптауға қалай ғана дәттері барады екен? «Дүмше молда дін бұзар, қисық арба жол бұзар» деген мақалдың бүгінгі мағынасы, қазіргі қоғамымыздағы болып жатқан оқиғаларды еске түсіреді.

Қадірәлі САРЫПБЕК,
студент

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде