Адам өмірін жалмайтын алып шұңқыр

26 қазан 2016, 23:23

snimok

Ажал апанына айналған кәсіпорын! Алматы облысында тас-құм шығаратын карьер кесірінен, тұрғындар ажал құшуда. Бірі қазылған жерде пайда болған көлге батса, әрі-бері жүрген көліктер терең шұңқырға ауып кетіп жатыр. Осылай деп шу шығарған Бәйтерек ауылының тұрғындары жекеменшік карьермен 10 жыл бойы күресіп келеді. Бірақ кәсіпорынның жұмысын тоқтатуға ешкімнің қауқары жетпепті.

-Бәйтерек тұрғындары өздерін құдды бір аралда қалғандай сезінеді. Бұған себеп, ауылды айнала қазылған тереңдігі 70 метрге дейін жететін құдық. Құдық болғанда да, ат шаптырым жерді алып жатқан мынадай үлкен карьерлер. Мұнда бірін екіншісі жалғаған дәл осындай карьердің бір емес, жетеуі бар.

Өндіріс орны 10 жылдан бері тұрғындардың бас ауруына айналған. Алайда бұған дейін бәріне шыдап келген жұрт енді адамдардың өліміне жол бермейміз деп ашулы. Себебі, биыл осы карьер кесірінен жазым болғандар саны көбейген.

Бибігүл Мәлікова, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

-Осы жазда тоғызыншы кластың баласы осы карьердегі көлге түсіп өлді. Ондай адамдар көп. Жабылып қалып жатыр бәрі. Қаншама машина да аударылып жатыр.

Ал, қауіп күннен-күнге ұлғайып барады. Салдарынан жұрт күндіз күлкіден, ал түнде ұйқыдан айырылыпты. Тас-құм тиеген көліктер де әрі-бері ағылуын бір сәт тоқтатпайды. Шаң-тозаңнан бала-шаға әбден ауру болған.

Нұрасыл Сарабаев, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

-Балаларымыз далаға шыға алмайды. Мектепке бару қиын. Апарып, алып келеміз.

Тас-құм шығаратын бұл карьер ешқандай талапқа сай келмейді дейді ашынған халық. Себебі, ереже бойынша тиісті ара қашықтық сақталмаған. Сорақысы сол, тұрғын үйлерден бөлек, мұндағы жалғыз мектеп те осы кәсіпорынға тиіп тұр.

Ақылбек Жұмабек, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

-Оның арақашықтығы екі жақтан да 500 метр болуы керек.

Шаруасы қызған жеке кәсіпкерлер жұрттың арызына пысқырып та қараған емес. Ал тұрғындардың араша сұрап, бармаған жері қалмаған. Кезінде прокуратураның ықпалымен карьердің жұмысы тоқтатылған екен. Бірақ мұндағы жұмыс аз уақыттан кейін қайта жанданыпты. Прокурордың қауқары жетпеген кәсіпкерлермен енді ауыл әкімінің күресе алмасы анық.

Бердіқожа Мамырбеков, Бәйтерек ауылы әкімінің орынбасары:

-Құжаттары заңды болғаннан кейінтоқтату қиындау. Біздің мүмкіндігіміз шектеулі.

Енді осылай жалғаса берсе, мұндағы үйлердің қаңырап, бос қалатын түрі бар. Себебі, шаң-тозаң мен қатты шуды көтере алмағандардың алды қазір баспаналарын тастап кетіп те жатыр.

ktk.kz

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде