jasqazaq.kz

Адам қаққан министрліктің лауазымды қызметкеріне қатысты жаңа дерек шықты

17 қараша 2017, 23:33

38 жастағы Болат Молдағалиев бұған дейін де машинасын басқара алмай жол апатына түскен. Бұл туралы көлік астында қалып зардап шеккен Әсел Рымханованың әкесі айтып отыр.Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.

Яғни, Ұлттық экономика министрлігіне қарасты мекеменің басшысы үш жыл бұрын Range Rover-дің рөліне ие бола алмай, тура Министрліктер үйіне соғылыпты. Ақпараттық есептеу орталығының бөлім басшысы бұл үшін тек 20 мың теңге айыппұл төлеп құтылған. Ол кезде оның талма ауруы ұстаған ұстамағаны белгісіз. Айта кетейік, Болат Молдағалиев бес күн бұрын дәл осы Есілдің сол жағалауындағы Достық көшесінде үш адамды қаққан болатын. Оның біріне еш зақым келмеген, екіншісі жеңіл жарақат алып, үшіншісі ес-түссіз ауруханаға жеткізілген еді. Әсел Рымханова қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Апаттан кейін жүргізуші рөлде эпилепсия ауруы ұстағанын айтып, 24 жастағы қыздан кешірім де сұраған. Алайда зардап шегушінің туыстары жүргізушінің заң алдында әділ жазасын алғанын қалап отыр.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті