jasqazaq.kz

Абайдың «қара сөздері» жаңа нұсқада қайта басылып шықты

03 қараша 2020, 12:30

  Елімізде алғаш рет балалардың суреттерімен безендірілген Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» кітабының бірегей нұсқасы қайта басылып шықты. Қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалар еліміздің мектептерінде, кітапханаларында тегін таратылады. Кітаптың лимиттелген басылымы көрші Ресейдің 20 қазақ мектебінде де қолжетімді болмақ.

Абай Құнанбайұлының 175- жылдық мерейтойы аясында «BAURZHAN Foundation» жеке қайырымдылық қоры «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қорымен бірлесіп алғаш рет Қазақстанда «Қара сөздер» кітабының жаңа нұсқасын қазақ және орыс тілдерінде қайта басып шығарды. Көрнекті қайраткердің шығармасы 2020 жылдың ақпан -мамыр айларында Қазақстанда өткен республикалық байқаудың жеңімпаз балаларының суреттерімен безендірілген.

Кітапты қайта басып шығару «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты.

«Осы жобамен біз балалар мен жастарды шығармашылыққа тартып ұлы ойшыл сөздерінің құндылығын әр адамға жеткізгіміз келді. «Қара сөздер» симбиозы және балалардың бұл туындыға деген еркін көзқарасы бізге бірегей өнім берді. «Қара сөздер» біздің заманымызда өзекті болып қала береді, өйткені оларда кез-келген дәуірде маңызды болатын адами құндылықтар қамтылған. Біз бұл шығарманы оқып, қайта оқи отырып, адамдардың өз өміріндегі ойлары мен тұжырымдарын түсініп, қабылдай алуын қалаймыз», — деп атап өтті «Samruk-KazynaTrust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Абайдың әйгілі поэмасының басылымына барлығы 90 балалар суреті енген, олардың 45-і «қара сөздерінің» 45 тарауының әрқайсысына арналған иллюстрациясы болып табылады және оның философиялық мағынасын ашады. Жеңімпаздардың суреттерінен басқа, «Қара сөздер» кітабына балалар салған ақынның портреттері де енген.

«Ұлы Абай өзінің басты шығармасының әр жолында сөзді шебер қолданған, ол халық шығармашылығы мен тұрмысын осы күнге дейін өзекті болып келген мағыналарын бірнеше деңгейімен тамаша ұштастыра білді. Мүмкін, бұл Абай шығармаларының басқа тілдерге аударылуында қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан бізде ойшылдың қара сөздерін 45 астарлы әңгіменің әрқайсысына сүйенген балалардың суретімен біріктіру идеясы пайда болды», — деп түсіндірді «BAURZHAN Foundation» қорының жоба үйлестірушісі Саида Ибрагимова.

Кітаптың барлық 5000 данасы Қазақстанның кітапханалары, балалар үйлері мен жалпы білім беретін мектептерінде тегін таратылатын болады.

 

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң