
8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып, жоғалып кеткен. Polisia.kz мәліметінше, жақындары таңертең іздегенде таба алмай, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласады. Осы сәттен бастап барлық күш дереу жұмылдырылған.
Бірнеше сағаттан кейін ат мінген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланы байқап қалады. Бала ауылдан тіпті алыстап кеткен екен.
Полицей оны “Айналайын, келе ғой…” деп өзіне қарай шақырып, ауылға алып келді.
Осылайша таңертең жоғалған балақай сағат 14:00 шамасында елдімекеннен шамамен 3 шақырым жерден аман-есен табылды.
View this post on Instagram
JQ-Aqparat
Видео: polisia.kz