jasqazaq.kz

Ақжаркын жылап жіберді (видео)

02 қараша 2016, 11:17

20161030135755

Ақжаркын Тұрлыбай сотта жылап жіберді.

Төрағалық етуші судья Ақжарқынға жылы шырай танытып, отырыс соңында оны ширатып қойды. Ол журналистерге Ақжарқыннан сұхбат алуға, ұялы телефонға түсіруге рұқсат берді. «Барлығына алғысым шексіз, елшілікке, адвокаттарға. Әділдіктің орнайтынына сенемін, жақсылыққа сенемін. Туыстарымның маған сеніп, мені кешіргенін қалаймын, реніштерін ұмытқанын қалаймын. Қолдауларыңыз үшін көп рақмет, үлкен рақмет», — деді Ақжаркын Тұрлыбай.

Қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқынға отбасы жіберген аудиохабарламаны тыңдатты. Әзірге сот үкім шығару үшін ақылдасу бөлмесіне кетті. Адвокат Фэн Чжицзянь ҚазАқпарат тілішісіне берген сұхбатта кезекті отырыс пен сот шешімі 2017 жылы қаңтар айының басында шығады деп үміттенетінін айтты.

Еске сала кетсек, ҚХР Гуандун провинциясы Гуанчжоу қаласының бірінші сатыдағы сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі. Отырысқа үш судья, екі айыптаушы, екі қытайлық адвокат және қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов, ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі консулдық бөлімінің жетекшісі Болат Сырлыбаев, аудармашы, стенографист, екі жасауыл, Ақжарқын Тұрлыбай және ҚХР аккредиттелген «ҚазАқпарат» ХАА және «Хабар 24», «Хабар» журналистері қатысуда. Аудармашының болуына қарамастан Ақжарқын оның қызметінен бас тартып, сот процесін қытай тілінде өткізуді ұйғарды.

 

 

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету