jasqazaq.kz

Ақтөбелік жігіт «әйелім тастап кетті» деп дүйім жұртты алдаған

07 қазан 2016, 12:46

zhdlor

Ақтөбелік жігіт «әйелім тастап кетті» деп бүкіл елді алдаған. Тырнақ өсіріп, қасына татуаж жасатқан сылқым әйелі екеуі ақша табу үшін қайыршылықты ойлап тауыпты. Жігіттің шешесі де бар.

Ақтөбе қаласында Ерлан Елубаев есімді жігіт өзін әйелі тастап кеткенін, екі баласымен далада қалғанын айтып көмек сұраған болатын. Оларға азын-аулақ қаржы, тамақ пен жылы киім алып жүгірген ақтөбеліктер көп болды. Жастардан құралған белсенді топ көліктеріне мінгізіп, уақытша тұратын баспана да тауып берді.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен хабарласқан ел олардың тағдырына алаңдады. Жергілікті қалалық әкімдіктен де көмек көрсету үшін арнайы қызметкерлер келген. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері құжат сұрап, тергей бастаған кезде жігіттің сөзінің бәрі жалған екені әшкере болды.

«Әлеуметтік желіде ол кісі туралы ақпарат шыққаннан кейін қала әкімінің орынбасарымен бірге бірнеше қызметкер болып, балаларын ерткен ер адаммен кездесуге бардық. Белсенділер доңғалақ жөндеу орталығынан шағын бөлме тауып берген екен. Ер адам ол жердің тар екенін айтып, бізден де баспана сұрады. Біз ол адамға әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттарын сұрадық. Құжатында да Ерлан Елубаев екен. Екі баласы да некесіз туылған. Айтуынша, әйелімен тек азаматтық некеде тұрады. Балаларға өзінің тегін бермеген. 2012 жылғы қыздың туу туралы құжатында әке бағанасы бос тұр. Оның себебін ол менің қызым емес деп түсіндірді. Балалар құжатта Мирманов тегіне тіркелген. Ол әйелі Лаура Мирманованың тегі жазылғанын айтты. Заңға сәйкес Ерланға бұл екі бала ешкім емес. Сондықтан біз балаларды онымен қалдыра алмайтынымызды айттық», — дейді Ақтөбе қаласының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Ботагөз Бисенова.

Ерлан Елубаев қала әкімінің орынбасарына да Шалқарда мал баққанын, қалаға келгеніне 2-3 ай болғанын, осы уақытқа дейін пәтер жалдап жүргенін айтқан. Әкімшілік қызметкерлерімен кездесу кезінде ер адамның өтіріктері әшкере болды. Себебі Ерлан Елубаев өткен жылы да мүшкіл жағдайын айтып, қалалық әкімдіктен көмек сұрап, оған уақытша тұратын жатақхана берілген екен. Жағдайы төмен отбасы саналып, бір реттік қаржылай көмек алған. Жұмыс та тауып берген.

«Өткен жылы әкәмшілік тарапынан жатақхана беріліп, қаржылай көмек көрсетілді. Әкімдік тарапынан тауып берген 80 мың теңге жалақысы бар жұмыстан ол адам өз еркімен шығып кеткен. Одан кейін тауып берген жұмыстан да бас тартқан. Өзінің айтуынша, Алға балалар үйінің түлегімін деп отыр. Бірақ, ол сөзді де тексеру керек. Әйелі — Ембі қаласының қызы. Баланың шешесі бар, бірақ оның да баспанасы жоқ, Қандыағаш қаласында тұрады екен. Біз ол кісіге түсіндірдік, заң бойынша ол адам балалардың әкесі емес, сондықтан балаларды алып кететінімізді айтқанда, барлық шындықты айтып берді», — дейді Ботагөз Бисенова.

Балаларды алып кететінін естігенде ол әйелінің ешқайда кетпегенін айтқан. Әлеуметтік желілер арқылы өзін мүсәпір жағдайда көрсетіп, көмек алғысы келгенін де жайып салған. Учаскелік полиция кәмелеттік жасқа толмаған балаларды уақытша бейімдеу орталығына тапсыру үшін құжат дайындағанда әйелі де жетіп келген.

«Көмек көрсетемін деген балалар әйелін де көрген. Сыртына қарағанда жағдайы жоқ адамға ұқсамайтынын айтты. Қасы татуаж, тырнағын өсірген, киген киімі де жұпыны емес. Біз барлығымыз көмек көрсетеміз деп жүгірген болатынбыз. Алаяқ адамдар болып шыққан кезде ренжігенімізді айттық», — дейді жігітке көмек көрсеткен ақтөбелік белсенділер.

Бүкіл елді дүрліктірген ерлі-зайыптылар тұрғындардан жиналған көмекті алып, өздері тұратын жатақханаға кетіп қалған.

NUR.KZ 

 

01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр