jasqazaq.kz

Ақтөбеде автокөлікке қажетті газ тапшы

28 маусым 2016, 16:31

c2c219cs-960

Ақтөбенің авто газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Бірнеше күннен бері отын тапшы. Бұл жайтқа қатысты облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Бекниязов хабарлады.
Оның айтуынша, облысқа осы айда 4 мың, шілде айына 4,2 мың тонна газ қарастырылған. Ай аяқталмай жатып, газ қоры таусылған. Шілде айында да тапшылық сезілуі мүмкін.
— Сондықтан, тамыз айына біз одан да көп отын сұратпақпыз. Апта сайын газ құю бекеттерінде мониторинг жүргізіліп келеді, — дейді Амантай Бекниязов.
Оның айтуынша, бүгінде Ақтөбе облысында 206 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Оның 24 мыңға жуығы газ қондырғысымен жабдықталған. Өз кезегінде бюджеттік мекемелердің 900-ға жуық автокөлігі газбен жүреді. Бензин мен газ бағаларының төрт есе айырмашылығын ескерсек, бұл көрсеткіш күн санап артып келеді.
Айта кетейік, бүгінде Ақтөбе облысында 60 газ құю бекеті жұмыс жасайды, оның 33-і облыс орталығында, қалған 27 бекет аудандарда орналасқан.
— Әрбір облысқа шамамен 3-5 мың тонна газ керек. Ақтөбе облысы бойынша 4,2 мың тонна көрсеткіш аз емес. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» бен «Қазмұнайгаз» компаниялары өндіретін газ өзге облыстардың да қажеттіліктеріне жұмсалады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, т.б. облыстардың нарығына біздің газ жеткізіліп жатыр. Дегенмен, лимитті арттыру үшін министрлікке қолқа салып отырамыз, — дейді Амантай Бекболатұлы.

Асқар Ақтілеу,
Ақтөбе

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік