jasqazaq.kz

Ақшамен оқитын талапкерлер ҰБТ тапсырмауы мүмкін

05 қазан 2016, 12:08

ent

ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ның ақылы бөліміне тапсыратын талапкерлердің ҰБТ тапсырмауын талқылауда. Алдағы уақытта ақылы түрде оқитындар ҰБТ-ның орнына емтихан тапсыруы мүмкін.

Министрлік білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістердің орын алатынын мәлімдеді. Атап айтсақ, ұлттық және мемлекеттік университеттер ақырындап коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға айналады. Осылайша оқу орындары нарық сұранысына орай өзіндік білім беру бағдарламаларын жасақтауы тиіс. Бұл қадам маман даярлаудың сапасын арттырады деп күтілуде. Одан бөлек, оқу орындары жыл сайын ел алдында атқарған жұмыстары туралы есеп беретін болады.

“Дербес болатын ЖОО-ларды біз үш категорияға бөліп қарастыруымыз керек. Олар – академиялық, басқарушылық және қаржылық тәуелсіздік. Басқарушылық дербестігі – еншілес компаниялар құруға мүмкіндік береді. Анығында, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциялауға жол ашады. Ол шетелдерде студенттерді қабылдау орталықтарын ашу мүмкіндігі», – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру департаментінің басшысы Дархан Ахмед-Заки.

Айта кетейік, бұдан бұрын Білім және ғылым министрі Ерлан СағадиевҰБТ-2017-да орын алатын өзгерістер туралы айтқан болатын.

 

Stan.kz

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету