jasqazaq.kz

А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай жас ақындар айтысы өтті

20 тамыз 2022, 13:08

Аллажар Сапархан қаладағы №65 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы. Домбыраны жанына серік еткен бала ақын Алаштың арда ұлы – А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында өткен «Салт-дәстүрдің саңылағы һәм ұлт ұстазы» атты жас ақындар айтысында І орыннан көрінді.

–Ахмет Байтұрсынұлын қазақ даласының ағартушысы ретінде көп қызмет еткен. Сондықтан оны ұлы ұстаз деп ұлықтаймыз. Алғаш рет әріп тануға арналған «Әліппе» кітабын жазып шыққан. Одан бөлек, «Қырық мысал», «Маса» деген шығармалар жазған. Осындай ұлттың ұстазын ұлықтауға зор құлшыныспен келдім, -дейді бала ақын Аллажар.

Қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өткен айтыста Шымкент қаласы мен Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан қаласынан келген 10 айтыскер ақын қатысты.

Жыр додасында Жандос Мерзабеков, Абылай Құлтай, Ахметрассул Баянбай, Аян Ниязбек, Аллажар Сапархан, Елсияр Құлахмет, Ерасыл Жақсыбек, Даниал Болысбек, Мұхит Бабақұл, Нұртілеу Төленбек сынды жас ақындар бақ сынады.

Ақындардың өнеріне ҚР Мәдениет қайраткері Бекарыс Шойбеков, «Парасат» орденінің иесі Ханбибі Есенқарақызы және филология ғылымдарының кандидаты МамытАмангелді Алтыбайұлы қазылық етті.

Айтыста жас ақындар ұлы ұстаздың ұлт руханиятындағы орнын жырларына арқау етті. Сахнаға көтерілген 5 жұп А.Байтұрсынұлының ұлтқа жасаған ерліктері мен еңбектерін айтып, шешен тілдің шеберлігін көрсетті. Дүбірлі айтыста ақындарамыз жырдан шашу-шашып, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.

Нәтижесінде І орынды шымкенттік бала ақын Аллажар Сапархан қанжығасына байласа, ІІ орынды Сарыағаш ауданынан келген Елсияр Құлахмет еншіледі. Жүлделі ІІІ орынды Отырар ауданының ақыны Баянбай Ахметрасул иеленді. А.Байтұрсынов атындағы арнайы жүлде Нұр-Сұлтаннан келген Аян Ниязбектің қанжығасына байланды.

Айтысқа қатысқан барлық жас ақынға арнайы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті