jasqazaq.kz

Аңқау жұрт, алдап кеткен алаяқ

28 қараша 2016, 22:07

dom

Алаяқтарға сеніп үйінен айрылды. Алматы облысында ұйымдасқан топ жұрттың сеніміне кіріп, артынан бәрін далада қалдырған. Сенімге кіргендер аңғал жұртқа банктен несие алып береміз деп үйін сату туралы құжатқа қол қойдырып алады екен. Құйтұрқылықты кеш ұққан тұрғындар енді баспанасын қайтара алмай әлектеніп жүр.

Біреуге қарыз беріп, есесіне үйін тартып алатын алаяқтардың арбауына түскендердің барлығы басындағы жалғыз баспаналарынан айрылған. Енді қыстың көз қырауында әркімнің босағасында жүр. Алдаудың шеберлері алтын құрсақты батыр аналарды да аямапты.

Зинахан Қанапина:

-Шамшиденов Алкам, Халықұлов Ахрам деген балаға қол қойғызады. Сөйтсе құжатты соған рәсімдеп қойыпты. Оны біз білмейміз.

Сан соғып қалғандардың бірі Руслан Мансұров. Ол 2010 жылы ғана өз қолымен салып бітірген екі қабатты жап-жаңа үйінен айрылып отыр. Қазір бұл үй бөгде біреулердің баспанасына айналған. Орналасып алғаны болмаса, кімнің үйінде тұрып жатқандарын мұндағылар да білмейді.

Ал Русланның өзі таза алдауға түсіп қалдым дейді. Ақшадан тапшылық көрген соң банктен несие алғысы келіпті. Бірақ, банк өтінішін қанағаттандырмаған соң амалсыз әлгілердің көмегіне жүгінген.

Руслан Мансұров:

-Сол бір айдың ішінде кредит шығарып береміз депті. Сатып алу құжатынан соң ақша берілген. Банктен ешқандай кредит шығарған жоқ олар.

Алаяқтар осындай жолмен 4 отбасын қан қақсатып, жалпы құны 70 миллион теңгенің мүлігін иемденіп кетіпті. Қазір күдікті анықталып, оларға қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ktk.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету