«Ағаш автомат» қымбатқа түседі

22 шiлде 2016, 14:12

Снимок
Баяғы Кеңес одағы кезінде Қорғаныс министрлігінің құрамында «стройбат» деген болды. Кәдімгі әскери құрылысшы. Әскерилер тілінде де солай аталатын. Командирлер, мәселен: әскери құрылысшы, қатардағы жауынгер Пәленшеев Пәленше деп бұйрық беретін.
Мойындауымыз керек, мұның әскер деген аты ғана. Әйтпесе таңның атысы, күннің батысы қара жұмыстың қамыты мойнына ілінген құрылысшы-жауынгер «отбойда» сүрініп жығылады. Өйткені, әскери бұйрықтың астында құрылысшы болу оңай емес. Екі жыл гимнастеркамен қара жұмыс істеп, қолына автомат ұстамай-ақ кеткен жап-жас жігітті жауынгер деп, тіпті де айта алмайсың. Рас, ара-арасында «ағаш автоматпен» әскери жаттығулар да өткізіп тұратын. Әскер қатарында болған Отан қорғаушының екі жылдық мерзімі осы «ағаш автоматпен» аяқталатын. Біз мұны неге есімізге түсірдік?
Осы аптада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Еліміздегі жұмыссыз жастарды әскер қатарына жіберу керек» деп «айды аспанға» бір-ақ шығарды. «Тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деген сыңайдағы әңгіме біздің пайымдауымызша. Жұмыссыздықты азайтуға қатысты әйтеуір бірдеңе деу керек болған соң айта салғанға ұқсайды. Әйтпесе соңғы он жыл көлемінде еліміздегі әскери саланың жоспарлы түрде келісімшарт жүйесіне көшіп жатқанын министрдің білмеуі мүмкін емес. Оның үстіне, біз жоғарыда айтып өткеніміздей, тәуелсіз қазақ елінде құрылыс әскері деген атымен жоқ. Егер құрылыс әскері болғанда, онда рас, министрдің айтқанымен қос қолды көтеріп тұрып келісуге болар еді. Демек, жұмыссыздықты осындай жолмен шешпек болған Дүйсенованың ұсынысы, тіпті де жаңалық емес. Оның үстіне, әскердегі бұрыннан қалыптасқан белгілі бір норманы адам санын көбейту арқылы бұзу бюджет бүйіріне қосымша салмақ түсірері анық.
Бәрімізге белгілі, дамыған елдер экономикасының негізгі тірегі шағын және орта бизнес. Басқаны айтпағанның өзінде, алпауыт Америка мен коммунистік Қытайда да солай. Мұны министрде жақсы біледі. Айналып келгенде, елімізде шағын және орта бизнесті өркендету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға болады. Ауыл шаруашылығы былай тұрсын, үлкенді-кішілі қала атаулыға іргелес жатқан ауыл-аудандар үшін шағын кәсіпті дамытуға мүмкіндік бар. Бар емес, тіпті көп те. Соңғы бес-алты жыл көлемінде елімізде ірі жобалар жүзеге асыру қолға алынғаны жария етілді. Бұған да шағын және орта бизнестің сапалы өнімінің белгілі бір деңгейде көмегі тиіп отыр деген сөз.
Осы тұста Т.Дүйсенованың тағы бір есіне сала кететін мәселе – шағын және орта бизнесті одан ары өркендету үшін біртұтас бағдарлама жасау керек. Рас, бізде белгілі бір бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті дамыту үшін мүмкіндік мол. Алайда оның құқықтық базасы мен іс-тәжірибесін дамыту жағы керісінше, кемшін түсіп жатыр. Тіпті жоқ деуге де болады. Оның үстіне «жұмыссыз жасты әскерге жөнелту» мемлекетке қымбатқа түседі. Оның орнына ауыл-ауылда шағын цех, зауыт ашып жұмысқа тарту қажет. Жаз мезгілінде көкөніс, жеміс-жидек жинауға да шақырса болады. Жалпы қайтарымы бар жобаларды жүзеге асыру қажет.
Мүмкін, әңгімеміздің басында айтып кеткен құрылыс әскерін қайта құрып, Қорғаныс министрінің бұйрығымен «желкелеп отырып», жұмысқа жегу керек те шығар? Сіз не ойлайсыз?

Марат Маманбай

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды