jasqazaq.kz

8 жасар қыз үш бауырын жанып жатқан үйден аман алып шықты

14 қараша 2017, 10:28


Ақмола облысында сегіз жасар батыр қыз жалғыз өзі үш бауырын жанып жатқан үйден аман алып шыққан.

Красный Яр елді мекеніндегі үйлердің бірі отқа оранған сәтте, 4 бүлдіршін іште ересектердің қарауынсыз қалған. Кішкентай ғана өжет қыздың арқасында барлығы аман қалды, деп хабарлады stan.kz.

Сағат түнгі 11-де алаңсыз тәтті ұйқыға кеткен бүлдіршіндер түтіннің қоламса иісінен оянады. 8 жасар Ұлдана жылдам қозғалып, інісі мен қос сіңлісін кезекпен далаға алып шыққан.

“Көршіге бардық ол ұйықтап жатыр екен. Маманың құрбысы Лида тәтеге бардық ол үйінде жоқ екен. Сосын сарайда отырдық 12 жарымға дейін, мама келгенде шатыр құлады. Дәуіт айтты мен рубашкада отыра берем мынаны Маликаға жап деп. Сосын Маликаны орап, мама келгенше 2 жарымға дейін отырдық. Үйдің отқа оранып, шатырының ортасына түскенін көргенде де қорыққан жоқпын»,- дейді кішкентай ғана қайсар қыз.

Ал, аналары Алмагүл Еркімбаева сол түні жұмыста болған. Алты баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Алмагүл жергілікті дәмханалардың бірінде аспаздың көмекшісі болып істейді.

“Мен жұмыста болдым. Негізгі табысым осы. Жолдасым қайтқан. Алты балам бар. Өрттің неден шыққанын білмеймін. Пеш жаққан жоқпыз”, – дейді Ақмола облысының тұрғыны Алмагүл Еркімбева.

Бір қуантарлығы, үй иелері Алмагүлден ешқандай өтемақы талап етпеген. Ал қазір Красный яр халқы ел болып бұл жанұяға көмек көрсетуде.

“Менің риза болып отырғаным 8 жасар қыздың ерлігі. Өзінің ғана қара басын ойламай барлығын алып шыққандығы. Елдің адамдары қолдарынан келгенше көмектесіп жатыр. Киім – кешек, көмектесем деген адамдардың легі шығып жатыр”, – дейді Красный яр мешітінің бас имамы Науан Мүтәлұлы.

Қазір отбасы басқа пәтерді жалдап тұрады. Өртенген үйде азын-аулақ тұрмыстық техникалары мен балаларының құжаттары кеткен. Оның орны толар, бастысы балаларым аман,- дейді Алмагүл.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы