jasqazaq.kz

8 жасар бүлдіршін педофилдың құрбаны болды

15 қараша 2016, 12:15

20161115112612

Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск ауданында тағы бір 8 жасар қыз педофилден жәбір көрді, деп хабарлады Аlvatv.kz. Мәлім болғандай, қараша айының басында Зыряновск ауданындағы Серебрянск қаласында жергілікті тұрғындар зорлықшыны қылмыс орнында ұстап алды. Ер адам кішкентай қызды көзден таса жерге алдап әкеліп, ойына келгенін істеген. Көшедегі жаяу жүргіншілер баланың дауысын естіп, педофилды ұстады. Ал тірі қалған қызды есеңгіреген күйі жергілікті ауруханаға алып кетті. Жеткіншекті зорлаған 30 жастағы Серебрянск тұрғыны бұрын да бірнеше рет істі болған және қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамаулы. «Кәмелетке толмаған қызды жыныстық сипатта зорлау әрекетіне күдікті қылмыс үстінде ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды,  тергеу жұмыстары жүріп жатыр», — деп хабарлады Зыряновск аудандық ІІБ. Мұндай бап бойынша сакцияда зорлықшыны 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Одан бөлек, күні кеше Зыряновскте болған жан түршігерлік оқиға қазақстандықтардың зәресін ұшырды. Сегіз жасар Виктория мектептен үйіне оралмаған. Бірнеше тәуліктен соң қыздың өлі денесі қараусыз қалған үйден табылды. Оқушының өліміне күдікті 25 жастағы ер адам ұсталды. Қыздың сөмкесін иығына асынған күдікті Викториямен бірге кездейсоқ өткен көліктердің бейнерегистраторына түсіп қалған.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету