jasqazaq.kz

76 рет қылмыс жасаған әккі ұрылар ұсталды

02 қараша 2016, 13:04

20161102121453Қостанайда арнайы құрылған жедел-тергеу тобы көп эпизодты сериялы ұрлық жасауы мүмкін алты күдіктіні ұстады.  Ұсталғандарға ұрлау мен тонауға қатысты жалпы көлемі 76 қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның айтуынша, барлық күдікті ұрлықпен айналысып, істі болғандар. Жедел-тергеу тобы ашқан аса көлемді тонау бір жарым ай бұрын болды. Қылмыскер жеке үйден 1,5 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған. 22 жастағы күдіктіден ломбардтың кепілзаттық билеттері табылды.

«Соңғы үш күнде сериялы автокөлік ұрлауға күдіктілер ұсталды, — дейді Е.Кашарина. — Олар 25 және 27 жастағы екі қостанайлық болып шықты, олардан ұрланған аккумуляторлар мен бейнерегистраторлар табылды». Полиция статистикасына сәйкес, Қостанай облысындағы түрлі деңгейдегі ұрлық-қарлықтың 50 пайыздан астамы ашылды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету