jasqazaq.kz

«Мағжан поэзиясының маржандары»

19 ақпан 2018, 11:45


Алматы музейінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан поэзиясының маржандары» атты дөңгелек үстел өтті.
Басқосудың мақсаты – қазақ поэзисына өзінің маржан жырларымен өлшеусіз олжа салған ұлы ақын Мағжанды оқу, тану, білу, насихаттау – жас ұрпақ алдындағы баршамыздың парызымыз. Мағжан өлеңдеріне жаңа заман көзімен қарау арқылы біз рухани жаңғырамыз, рухани түлейміз
Іс-шараға «Қайнар» университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, мағжантанушы Қанарбаева Бакыткамал, Философ-көсемсөзші, өнертанушы Абдраимов Әбдірашит Бәкірұлы, №137 М.Жұмабаев атындағы мектептің мұғалімдері мен оқушылары, мектептегі М. Жұмабаев музейінің жетекшісі Арынова Света Қанатбекқызы қатысты.
Шараның модераторы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі Қайырбеков Әділғазы Жақсылықұлы Мағжанға еліктеп ақын болғанын айтып, ақынға арнап жазған өлеңін М. Жұмабаев музейіне сыйға берді.

«Мағжан өлеңдері ұлттық рухқа, отансүйгіштік сезімге толы, алайда қанша уақыт бойы ақын шығармашылығын сынға алушылар көп болды. Ақын өмірін зерттеген 20 жылға жуық уақыт ішінде қаншама қиындықтар болды. Соған қарамастан өз қаражатыма ақын туралы 3 зерттеу еңбегімді жарыққа шығардым» деді мағжантанушы Бакыткамал Қанарбаева.
Әбдірашит Бәкірұлы түрік ағайындарда кеңестік кезең болмағандықтан олар ақын шығармаларының сырын терең ұғып мектеп бағдарламасына қосты, ал бізге жас кезімізде М. Жұмабаев шығармаларымен сусындап өсу бұйырмады. Қазіргі таңда ақын өлеңдерін мектепте оқыту өзекті мәселе. Себебі, осының өзі рухани жаңғыру, рухани баю деп атап өтті.
№137 М.Жұмабаев атындағы мектептің оқушылары Дурыскульдинова Жанель мен Жұмабаев Мағжан ақын өлеңдерін оқыды.
Аталған мектептегі М. Жұмабаев музейінің жетекшісі Света Қанатбекқызы шара ұйымдастырушыларына алғыс білдіре отырып, алматылықтарды музейге шақырды. Алматы музейінде де Алаш қайраткерінің мұрасы сақталсын деген тілекпен ақынның шығармалар жинағын сыйға тартты.
Сондай-ақ, қорытынды сөз алған Алматы музейінің жетекшісі Бақберген Жақсылықұлы М. Жұмабаевтың 125 жылдығы меретойы құтты болсы дей келе, жастарды «Мен жастарға сенемін!» деп артында өшпес өсиет қалдырған ақын өлеңдерін оқуға, музейге, театрға баруға шақырды. Себебі ертеңгі елдің болашағы білімді, мәдениетті жастардың қолында деп атап өтті.

(Өз тілшіміз)

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды