jasqazaq.kz

70 елден 100-ден астам спикер: «Астана» Халықаралық форумы маусымда өтеді

03 маусым 2023, 17:36

Форум Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2023 жылғы 8-9 маусымда Астана қаласында өтеді.

«Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбымен өтетін Халықаралық іс-шара аса маңызды жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған. Форумға қатысушылар бүгінгі әлемдік ахуал, геосаяси шиеленістің артуы және мемлекетаралық ынтымақтастықтың дәстүрлі үлгілерінің түбегейлі өзгеруіне байланысты бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге жауап іздейді.

Форумға мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, халықаралық ұйымдар, ірі компаниялар, саяси қайраткерлер мен сарапшы топтың өкілдері – 300-ден астам шетелдік делегаттар, олардың ішінде ХВҚ, ДСҰ, АДБ, ЕҚДБ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ басшылары, ЕҚЫҰ ПА Төрағасы, ЭЫДҰ және АҚШ сауда миссиясының өкілдері, кеңес мүшелері және шетелдік инвесторлар қатысады деп жоспарлануда.

Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді.

Жиында сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климаттың өзгеруі, экономика және қаржы мәселелері талқыланады.

40-тан астам панельдік сессия, бейресми пікірталас және мазмұнды жиындар өтеді. Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN.

ҚР Үкіметі ұйымдастырған форум Конгресс-орталықта (EXPO) өтеді.

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң