jasqazaq.kz

«7-20-25» бағдарламасы бойынша игерілмеген қанша қаражат қалды?

26 қазан 2022, 16:14


«7-20-25» бағдарламасына түскен өтінімдер сомасы қалған ақшадан асып кетті. Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов арнайы брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының тағдырын қалай шешпекші. Бөлінген қаражат аяқталғанша жалғаса ма, әлде жаңа жылдан кейін тоқтатыла ма?», — деп сұрады журналист.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қазірдің өзінде бұл бағдарлама бойынша түскен өтінімдердің сомасы қалған қаражаттан көп.

«Бұған дейін де мәлімдегеніміздей, ақша толық игерілгенін күтеміз. Естеріңізде болса, Ұлттық банк пандемия кезінде экономиканы қолдауға қатысқан болатын. Біз 7 бірдей бағдарламаның бір бөлігі болдық. Оның бесеуі аяқталып қойды. Енді екі бағдарлама қалды. Біз бұрын мәлімдегеніміздей, бұл бағдарламалардан жоспарлы түрде шыға береміз. «7-20-25» бағдарламасынан біз бөлінген ақша толық игеріліп біткенде шығамыз. Нақты қашан шығатынымыз ақшаның қаншалықты жылдам игерілгеніне байланысты болады. Менің есімде болса, өтінімдердің сомасы бағдарламадның қалған қаражатынан асып кеткен болуы керек», — деді Ұлттық банк басшысы.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті