jasqazaq.kz

№65 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылды

01 қыркүйек 2022, 14:21

№65 мектеп-гимназиясында алғашқы қоңырау соғылды

Шымкент қаласындағы №65 мектеп-гимназиясы білім күніне орай алғашқы қоңырау соғылып, мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиынға қатысқан Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов оқушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

–Болашағынан зор үміт күткен кез келген мемлекет әуелі бала тәрбиесі мен білім саласына аса мән береді. Соңғы жылдары білім саласында үлкен реформалар жүзеге асырылып, қаржыландыру жыл сайын ұлғайып келеді. 2018 жылы Шымкент қаласының экономикалық бюджеті 146 млрд. теңге болса, ал қазір қаладағы білім саласының өзіне 176 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл – елімізде өскелең ұрпақтың болашағына үміт артқанының айғағы. Қаламызда 223 мектепте 242 мыңнан астам бала жаңа оқу жылын бастап отыр. Оның ішінде 28 мыңға жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, 1 сыныпқа қабылданды. Бүгін мектепке тарыдай боп кірген бүлдіршіндердің таудай болып шығуына тілектеспін, -деді Б.Нарымбетов.

Аталған білім ұйымы 2021-2022 оқу жылын олжалы аяқтап отыр. Мектепте 10 түлек «Алтын белгі», 26 оқушы үздік аттестат иесі атанса, 93 түлек мемлекеттік грант иегері атаныпты. 17 оқушы халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиадада жүлделі орыннан көрінсе, 10 шәкірт әлемнің үздік университеттерінен грант жеңіп алған.

«Шымкент жастар лигасы»сайысында оқушылар футболдан І –орыннан көрініп, мектеп қоржынын 20 миллион теңгемен толықтырды. Одан бөлек, шахматтан ІІ орын, баскетбол жарысында ІІІ-орын алған.

Биыл осы мектепте 261 оқушы 1 сыныпқа қабылданып, 10 сынып жасақталған. Орын тапшылығын болдырмау үшін мектеп жанынан 600 орынға лайықталған қосымша оқу ғимараты салынуда.

Президент мұғалімдерді қолдау және балалардың сапалы білім алуына жағдай жасау бағытындағы міндеттерді айқындап бергені белгілі. Соған сәйкес 2019 жылдан бері қарай ұстаздардың жалақысы 75 пайызға өсті. 2023 жылдан бастап тағы 25 пайызға өседі деп жоспарланған. 2018 жылы Шымкент қаласының бүкіл бюджеті 146 миллиард теңге болса, биыл бір ғана білім саласына бөлінген қаржы 176 миллиард теңгеге жетті.

Айта кетсек, осыдан 4 жыл бұрын Шымкентте 15 мектеп үш ауысыммен жұмыс істейтін еді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде биылғы жаңа оқу жылына үш ауысымды 5 мектеппен келіп отырмыз. 2023 бұл проблеманы толығымен шешіледі. Ендігі жерде 2 ауысымды мектептерді біртіндеп 1 ауысымға көшіруге кірісеміз. Қазірдің өзінде Шымкент қаласындағы 223 орта мектептің 41-і бір ауысыммен жұмыс істеп жатыр

Бүгінде қаржыландырудың артуының нәтижесінде көптеген мәселелер шешіле бастады. Атап айтқанда, Шымкент қаласында биылдан бастап алғаш рет бастауыш сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ беріле бастады. Нақтырақ айтқанда 103 мың бала тегін тамақтандырылып келеді.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті