jasqazaq.kz

600 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз етпек

16 қараша 2017, 11:10

 8,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға артық. Бағдарламаның жылдық жоспарына орай тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 87%-ға орындалды. Барлығы 69,9 мың баспана салынды.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов осылай деп мәлімдеді.

Екінші бағыт жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған. Бүгінде 60 мың жер учаскесіне желілер тартылып жатыр. Жалпы жыл сайын аталған жұмыстарды жүргізу үшін 80 млрд. теңге бөлу көзделген. Бұдан бөлек, қазір еліміздің 6 облысының орталығында бірыңғай сәулет стилінде 1975 жеке үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін оның 362-сі қолданысқа беріледі деп күтілуде (Ақтөбе, Қостанай, Алматы, СҚО-да). Сондай-ақ, 10 айдың қорытындысы бойынша жоспарланған 15 мың кредиттік пәтердің 8770-і пайдалануға берілген.

«Құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Бүгінгі күні жеке құрылыс салушылар банктердің қарауына субсидияланған қарыз алу үшін құны 57,2 млрд. теңгені құрайтын 35 жоба енгіздік. Оның ішінде  23,9 млрд. теңгенің 18 жобасы субсидияланатын болды. Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 152 млрд. теңге сомасында құрылыс салушыларға субсидияланған кредит беру және 2018-2019 жылдары 600 мың ш.м тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр», — деді Мархабат Жайымбетов.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті