jasqazaq.kz

6 жастағы баланы бетонға ұрған адамға сот үкімі шықты

23 қазан 2017, 17:54

Алты жасар баласын ұрып, бетонға тастай салған павлодарлыққа бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот үкімі бойынша, 41 жастағы азамат бір жыл бас бостандығынан айырылып қана қоймай, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылып, зардап шеккен баланың отбасына 200 мың теңге айыппұл төлейтін болады. Полиция қызметкерлері Төлеген Жұмабаевты ұстағанымен, қылмыстық іс прокуратураның тексеруінен кейін ғана қозғалды. Бұған дейін азамат бостандықта болды. Жұмабаев сотқа мас күйде келгеннен кейін, оны қамауға алды. Бұл оның бесінші рет сотты болуы. Ол Баянауыл ауданынан Павлодардағы туысқандарына келген. Алты жасар Савелий Орловқа жасалған қастандықтан кейін баланың денсаулығын қалпына келтіруге әлі ұзақ уақыт керек. «Көзін жиі жыпылықтатып, түні бойы бірнеше рет шошынып оянады. Қазір біраз түзелді. Бірақ әлі бірнеше рет психологқа баруымыз керек.Бұрын ол далаға шығып балалармен ойнайтын, қазір өйтпейді. Тек үлкен ағасымен еріп жүреді. Бөтен адамдар көрсе, жүгіріп үйге қайтып келеді», — дейді оның анасы Олеся Орлова. Ер азамат 27 тамыз күні Савелий тұратын үйдің ауласында балаға шабуыл жасаған болатын. Ол мас күйде баланы ұстап алып, өзінен асыра лақтырып жіберген. Басымен бетонға құлаған баланың денесінен дәрігерлер дақтар мен жарақаттар тапты. Оның үстіне психологиялық тұрғыдан да қатты соққы алған.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс