Үндістандағы Бангалор қаласындағы авиабазада «Торнадо» әскери мотоциклистер командасының мүшелері бір мотоциклге мінгесіп алып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Олар Royal Enfield маркалы мотоциклге мінгескен. Белгілі болғандай, бір мотоциклге 58 адам мініп, 1200 метр жолды жүріп өтіпті.
Сөйтіп, бір көлікке 60-қа жуық адам мініп, ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бұған дейінгі рекордты да үндістандықтар орнатқан. Ол кезде (2010 жылы) мотоциклге 56 адам отырған болатын.