jasqazaq.kz

50-ден аса елдімекенде мәдениет ошағы жоқ

10 қазан 2016, 11:50

????????????????????????????????????

Ауылдық жерлердегі мәдениет мекемелерінің бүгінгі жай-күйі айрықша көңіл бөлетін мәселеге айналып отыр. Ақмоланың 50-ден аса елдімекенінде мәдениет үйлері жұмыс істемейді. Бұл туралы Көкшетаудағы Қоғамдық келісім үйінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен өткен әлеуметтік саладағы 8 айдың қорытындысына арналған мәжілісте мәлім болды.

Облыстық білім басқармасының жетекшісі Балым Ізбасарованың айтуынша, соңғы уақытта өңірде мектепке дейінгі білім беру мекемелері 18 жаңа балабақшамен толыққан. Жыл аяғына дейін қосымша 4 нысан ашылады деп күтіліп отыр. Десе де, Көкшетау қаласы мен Целиноград, Бурабай аудандарында балабақшаға бүлдіршіндердің кезегі азаймай отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Гүлнәр Құлышеваның хабарлауынша, өңірде қан айналымы аурулары азайған. Биыл облыс бойынша ана өлімі тіркелген жоқ. Алайда, соңғы мәліметтерге жүгінсек, туберкулездің асқынған түрімен ауыратын 10 науқас анықталып отыр.

Облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Сәуле Бөрібаева ауылдардағы мәдениет ошақтары мен кітапхана жұмысын жандандыру мәселесін көтерді.

«Шалғайдағы елдімекендердегі мәдениет мекемелерін компьютерлендіру аса маңызды болып тұр. Дидактикалық материалдар, түрлі шаралардың сценарийлері міндетті түрде ғаламторға қосылуы қажет. Сондай-ақ, модельді кітапханалар санын да арттыру қажет. Ауданның мәдениет мекемелері толыққанды жұмыс атқарып тұр деп айтуға әлі ертерек. Ауылдық жерлердегі мәдениет мекемелерінің бүгінгі жай-күйі айрықша көңіл бөлетін мәселеге айналып отыр. Өңірдің 50-ден аса елдімекенінде мәдениет үйі жұмыс істемейді. 15 мәдени нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған», – дейді С.Бөрібаева.

Осы тұста облыс әкімінің орынбасары Н.Нұркенов шалғай елдімекендердегі өзі куә болған келеңсіздіктерге қынжылыс білдірді.

«Ауыл әкімдерінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуін көз алдарыңызға елестетіңіздерші. Эстетикалық талғамсыз ескі парталар, скотчпен жабыстырылған линолеумдер, әр жерінен түйреуішпен түйрелген перделер… Көп елдімекенде әлі күнге осы көрініс. Бұл осы селоларды иесіз деген ойларға жетелейді. Сандықтау, Есіл аудандарында мәдениет үйлерін жөндеуге кәсіпкерлерді тартқан әкімдерден неге үлгі алмасқа?», – дейді Н.Нұркенов.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндаған облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Айна Мысырәлімова жастар саясаты, діни ұйымдармен жұмыс мәселелеріне тоқталды. Сарапшылардың зерттеуі бойынша жат ағымның жетегінде кеткендердің дені жұмыссыз, оның ішінде басым бөлігі жастар. Жұмыссыздық халықтың кейбір топтарын кедейленуге ғана емес, сонымен қатар, рухани құлдырауға алып келетіндігін айтады Ақмола облыстық жастар саясаты басқармасының жетекшісі Ринат Галлямов.

«Жалпы, аймақта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Дегенмен, мәселе толық шешілді деуге тағы болмайды. Дәстүрлі дін мен жалған діни ағым арасындағы айырмашылықтар және шектен шығушылықтың неге әкеліп соқтыратынын жастардың санасына сіңіруіміз қажет», – дейді Н.Нұркенов.

 

 

bnews.kz

05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)