jasqazaq.kz

5 жасар қызды зорлаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

17 ақпан 2018, 15:26

Қарағандыда бес жасар қызды айуандықпен зорлаған азғынға қол көтергені үшін, сержанттың екі жылға сотталып кеткен оқиғасы естеріңізде шығар?

Бүгін сол қаныпезердің өзіне соттың үкімі шықты. Бүлдіршінді пәтеріне кіргізіп алып, бір тәулік бойы қорлық көрсеткені үшін, енді ол өмірінің соңына дейін түрмеде отыратын болды.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жабық түрде өткен сот тыңдалымда 50 жастағы Нұрлы Дәулетбаев кінәсін толық мойындапты.
Ал психологиялық сараптама қорытындысы, сотталушының ақыл-есі түзу екенін көрсеткен. Қылмыстық Кодекстің үш бірдей бабы бойынша кінәлі деп табылған азғын, бұған дейінде кісі өлтіргені үшін түрмеде отырып шыққан екен. Жаға ұстатарлық оқиға осыдан жарты жыл бұрын Сәтбаев қаласында болған. Аулада ойнап жүрген қызды пәтеріне су беремін деп кіргізіп алған азамат, қаршадай қызға зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Тоқ ішегі зақымданған бүлдіршінге сол оқиғадан кейін бірнеше ота жасалды.

«Сот үкімі өте орынды. Өйткені үш баптың екеуі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оның үстіне кәмелеттік жасқа толмаған бүлдіршін өмір бойына ауыр соққы алып, бірнеше рет пышақтың астына түсті», – дейді заңгер Жасұлан Айтмағанбетов.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды