jasqazaq.kz

5 мың теңгеге баспана жалға беріледі

16 қараша 2017, 11:24

Кезекте тұрғандардың арасында, әлеуметтік жағынан осал, табысы аз санаттарына жыл сайын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы көзделді, бұл жыл сайын шамамен
3 мың пәтер.
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

Бұл топтағы адамдар пәтерді сатып ала алмаса да ең төмен бағада жалдап тұра алады. Бұл ретте осы пәтерлерде тұру үшін 1 шаршы метрін жалдау құны шамамен 100 теңгені құрайды, демек алаңы 50 ш. метр пәтер үшін айына 5 мың теңге төлейтін болады.

«Бұл жоба бойынша әр жылы 3000 отбасын қамтысақ, берілген 15 жылда 45 мың отбасының баспана мәселесін шешуге болады», — дейді спикер.   

Екінші топта кезекте тұрған, тұрақты табысы бар және баспананы меншікке алуға ниетті адамдар үшін әкімдіктердің кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаятын болады. Бұл тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы жүргізіледі.

Бұл ретте, салынған кредиттік тұрғын үй әкімдіктердің кезекте тұрған адамдарына және Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің салымшыларына тең беріледі. Бұл үйлердің бағасы Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 1 шаршы метрі 180 мың теңгеге дейін болса, өңірлерде 140 мың  теңге көлемінде болады.

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті