5,5 млн құқық бұзушыға — 128,2 млрд теңге айыппұл

03 қазан 2023, 10:33

2023 жылдың 8 айында шамамен 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті мәлімдеді.
5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілді.

Өз кезегінде айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 млрд теңге сомасына 50% жеңілдікпен төленді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8% құрады.

Ең көп айыппұл салынғандар:

Алматыда – 16,8 млрд теңге сомасына 1 млн құқық бұзушылық, 12,7 млрд теңге төленді.

Астанада – 12,7 млрд теңге сомасына 800 мың құқық бұзушылық, 8,6 млрд теңге төленді.

Ең аз Павлодар облысында 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген.

Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ын ішкі істер органдары анықтаған.

Ішкі істер органдары 5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен.

Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 38,1 млрд теңге сомасына 3,4 млн астам ұйғарым шығарылды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:10
Кәрімбек Құрманәлиев: Ұлттық құрылтайдың маңызы зор
Бүгін, 15:03
Құтқарушы – мәртебелі мамандық
Бүгін, 12:05
Тоғжан Біржансал: Жас ұрпақ өз елінің даму жолында аянбай тер төгеді
Бүгін, 11:06
Шешендік өнер – ұлттың құндылықтың қайнар көзі
10 қыркүйек, 15:19
Антына адал азамат
10 қыркүйек, 12:48
Кәсібімен нәсібін тапқан
10 қыркүйек, 12:34
Райхан Мұхамеджанова: Табиғатты аялауды үйімізден бастайық!
10 қыркүйек, 12:26
Азаматхан Әміртаев: Ұлттық құрылтайдың Әділетті Қазақстан құрудағы орны ерекше
10 қыркүйек, 11:57
Шикізат экономикасынан – дайын өнімге!