4 жасар қызды тепкен шетелдік елден қуылады

25 шiлде 2023, 15:31

Өткенде Алматы облысындағы сауда орталықтарының бірінде түрік азаматы төрт жасар қызды теуіп құлатқан еді. Әйтеуір, бейнекамераның көмегімен кім екені анықталды. Қалың көпшілік әдеттегідей кешірім сұрап, құтылып кететін шығар деп еді. Жоқ, әйтеуір, әзірге қамауда отыр. Бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылады. Осыған орай балалар омбудсмені Динара Зәкиева мынадай түсінік берді: «Қазақстан заңнамасында мұндай әрекетке қатысты бап жоқ. Сондықтан азамат бұзақылық бабы бойынша айыпты деп танылды. Оның өзінде 25 жастағы ер адамның «кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған іс-әрекетін» ауырлататын негіз қарастырылмаған. Қазір балаларға жасалатын зорлық-зомбылықты болдырмау үшін ішкі істер министрлігімен бірлесіп, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, — деді Динара Зәкиева. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоба биыл күзде Парламентте қаралуы мүмкін.
Бір жапырақ баланы допша тепкен 25 жастағы шетелдікке қатысты сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны ел аумағынан қуатын сот ісі қозғалады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды