jasqazaq.kz

4 миллиард теңге қаражат ұрлаған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Бүгін, 10:48

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен сеніп тапсырылған қаражатты ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Грузиядан Қазақстан азаматын  экстрадицияланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

ергеу барысында аталған тұлға компания басшысы бола отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қаражатты ұрлау мақсатында, мемлекеттік сатып алу нормасын қолданбай, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықты жалға алудың заңсыз шартын жасағаны анықталды.

Қылмыстық іс-әрslideкеттің нәтижесінде «Транстелеком» АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

А.ж. наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сурет: Бас прокуратура
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам