jasqazaq.kz

33 жастағы әйел ер-азаматты аяусыз өлтірді деген күдікпен ұсталды

21 желтоқсан 2017, 18:17

Алматы облысында 33 жастағы әйел азаматтық некедегі жолдасын өлтірді деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Талғар ауданында болған. 20 желтоқсан күні Туғанбай ауылының маңындағы вагондардың бірінен ер адамның мүрдесі табылған. Мерт болған 47 жастағы ер азамат пышақ жарақатын алған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті бірнеше сағаттың ішінде қолға түскен. «Күдікті өзінің түсініктемесінде азаматтық некедегі жолдасымен бірігіп ішімдік ішкенін айтқан. Екеуі өзара сөзге келіспей, іс насырға шапқан. Сол сәтте күдікті жолдасына пышақ жарақатын салған. Қазір 33 жастағы әйелдің үстінен ҚР ҚК 99-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жалғасуда», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі. Күдікті әйел 1984 жылғы. Тұрғылықты мекенжайы Алматы қаласында тіркелген. Жас келіншек өз қылмысын жасырмақ болып ұялы телефонын да жағып жіберген. Алайда бұл айласы іске аспады дейді, полицейлер.

 

Бүгін, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім